Бейсенбі, 31 Наурыз 2016 11:42

Алты оқушы жүлделі

4 Республикалық VIII «Жарқын болашақ» КАТЕV қазақ тілі олимпиадасы биыл ару қала Алматыда өтті. Ақтық бәсекеде еліміздің түпкір-түпкірінен келген оқушылар білімдерін, өнерлерін сынады. Олимпиадаға 5000-ға жуық оқушы қатысып, 250-і ақтық бәсекеге жолдама алған болатын. Біздің аудан мектептерінен 9 оқушы қатысып, 6 оқушымыз жүлдемен оралды.

 

«Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша 1 орын алған Қаратұрық орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алтынай Әсет, «Жазушылар» бағыты бойынша 1 орын алған И.Таиров атындағы мектеп оқушысы Арзигуль Ошурова, «Жас ғалымдар» бағыты бойынша қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Аслан Алиайдар 3-орын, «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Н.Бубенцов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Мәліке Серғалы 3 орын,  Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Гүлнәр Ибдиминова 3 орын, «Жазушылар» бағыты бойынша Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің  10 сынып оқушысы Ақмарал Канал 3-орын алып, жоғары көрсеткіштерге ие болды. Дәстүр бойынша олимпиада жүлдегерлеріне еліміздің жоғары оқу орындарынан грант берілетіні белгілі. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай С.Демирель атындағы университет жүлдегерлерге 25 грант, сонымен қатар басқа да университеттер бірнеше грант бөліп отырғанын хабарлады. Бұл да біздің дарынды оқушыларға жоғары оқу орнына түсуге табылмас мүмкіндік болып отыр. Сәуір айының 25-де Астана қаласында еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты  жер шарындағы 25 елден қонақтар шақырылып, олардың барлығы қазақ тілінде өз өнерлерін көрсетеді деп жоспарлануда. Біздің жеңімпаздарға (11-сыныпты аяқтайтын түлектерге) сол жерде гранттар табысталады деп күтілуде. Елбасымыздың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» дегені жадымызда. Бүгін бізбен бірге өзге ұлт өкілдері де қазақша өлең оқып, шығарма жазып, ән айтты. Бұл қазақ тілінің – ғылымның тілі,білімнің тілі, руханияттың тілі екенін дәлелдеді.

Дина Маманова, ҚТЛ мұғалімі.

Оқылды 3620 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Серіктестік сәулесін шашты Алты оқушы жүлделі »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет