Жұма, 25 Наурыз 2016 15:14

Жалауын желбіреткен жеңімпаздар форумы


Әлемде болып жатқан тұрақсыздыққа қарамастан Қазақстан тағы да бір саяси зор маңызға ие науқанды табысты өткізді. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі  мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қазақстандықтар, оның ішінде аудан жұртшылығы бір кісідей атсалысып, өз дауыстарын берді. Еліміздің іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Елбасы төрағалық еткен «Нұр Отан» партиясы кезектен тыс сайлауда тағы да жеңіске жетті. Осыған орай Есік қаласында партия қолдаушыларының «Біз жеңдік» атты форумы өтті. Шараға аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ пен ауданның барша атқамінерлері жиналды.

 

Таң сәріден аудандық мәдениет үйінің алаңында Тәуелсіз еліміздің көк Туы мен «Нұр Отан» партиясының байрағын желбіреткен жастар ерекше көңіл-күймен бас қосты. Мәдениет үйінің бишілері жұртшылықтың көңілін көтеріп, флешмоб биледі. Ал әншілеріміз патриоттық әндер орындап, көпшілікпен бірге шырқады. Шара барысында сөз алған Бинәлі Әбдіқапасұлы «нұротандықтарды» кезекті жеңісімен құттықтай келе:

«Белің мықты болса, бір басыңа. Елің мықты болса, бір ғасырға» деген даналар нақылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған еліміздің қалаулы партиясы «Нұр Отанға» лайық десем артық айтқандық емес. Арайлы азаттық арқылы қол жеткізген жетістіктеріміздің баршасында «Нұр Отан» партиясының сүбелі үлесі бар. Төңірегіне тілектес серіктерін топтастырған партия тәуелсіздік жылдарында қоғамды жаңа жобаларға жұмылдыра білді. Бүгінгі сайлауда «Нұр Отан» партиясының жеткен жетістігі біздің жарқын жеңістеріміздің, көшіміздің түзу, көкжиегіміздің шуақты, бағытымыздың айқын екендігінің нақты айғағы.

Ендігі кезекте, біз ағымдағы жылдың 29 қаңтарында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінде қабылданған бағдарламасының тұғырнамасын жүзеге асыру үшін күш-жігерімізбен аянбай жұмыс жасай отырып, кешенді жоспармен Елбасының сындарлы саясатына негізделген бағдарламаларға қолдау көрсетіп, іргелі істердің ұйытқысы болуымыз қажет – деп аудан жұртшылығын бірлік пен жасампаздықтың негізін қалауға шақырды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының мүшелері аудандық ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Сулейман Махсутов, жалынды жас Марат Исаков, денсаулық сақтау саласының өкілі Назилия Абдуллаева партия өкілдерін жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Кейіннен, Дәурен Сәрсенбаев «Көк Тудың желбірегені» әнін орындап, жастар флешмоб биледі. «Нұр Отан. Нұрсұлтан. Қазақстан» деп ұрандаған алаңдағы жастар әнді бірге орындап, форумның көркін қыздыра түсті. Саяси науқандағы партияның жеңісіне арналған шараның соңы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған концертке ұласты.

                          Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 2764 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет