Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 15:43

Қазақшаң қалай, балақай?

130-дан астам ұлт өкілдерінің басын бір тудың астына жиған Қазақ елі мызғымас бірлігімен, берекелі тірлігімен қарыштап алға қадам басуда. Өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге көңіл бөліп, қазақ тілінің мәртебесі күн санап артуда. Солай болуы заңдылық та...

 Аудандық  білім  бөлімінің   жылдық  жоспарына сәйкес, Көктөбе ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында аралас балабақшалар тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Қазақшаң қалай, балақай?» атты аудандық байқау өтті. Бүлдіршіндердің еліне, мемлекеттік тілге сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында жүзеге асқан шараға аудандық білім бөлімінің бас маманы З.Бөлекбаева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Н.Бақбасарова, балабақша меңгерушілері қатысты. Алғашқы бөлім – таныстыруда «Болашақ-2007» балабақшасының тәрбиеленушісі Мария Якунина сөз саптауымен, тілге жүйріктігімен көзге түссе, екінші бөлім – өз өнерін көрсетуде «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушісі Азиза Наманжанова М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін ерекше тебіреніспен оқып, көрермен ықыласына бөленді. Үшінші бөлім – «Ертегілер еліне саяхат» деп аталды. Расымен де «Айгерім-1» балабақшасының тәрбиеленушісі Григорий Лабузов пен «Балдәурен» балабақшасының тәрбиеленушісі Диас Хамраев көпшілікті ертегілер еліне ерте білді. Сахналық қойылым жағынан да, киімдерімен де көңіл түпкірінен орын алды. Нәтижесінде, өзін-өзі еркін ұстауы, қазақ тілінде мүдірмей сөйлеуі, киімі жағынан бәрінен озық шыққан бес жасар Азиза Наманжанова бас жүлдені қанжығаға байлап, балабақшасының намысын көкке өрлетті. Барлық қатысқан бүлдіршіндер мақтау қағаздарымен және кішігірім сыйлықтармен марапатталып, олардың тәрбиешілеріне де алғыс хаттар табысталды.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 5147 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет