Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 14:46

Ауылдастардың ауызбіршілігі

Көктөбе округіне қарасты Балабек Кәрібаев атындағы көше тұрғындары жыл басын сәрсенбінің сәтті күні қарсы алды. Ынтымақты ырыс деп түсінген тұрғындардың еңбектеген баласынан, еңкейген қариясына дейін ақшаңқай қазақ үйлерден орын алып, наурыз көжеден дәм татты.

 

– Наурыз – қазақтың жыл басы. Жер әлем бусанып, түліктің аузы көкке тиген осынау күн – Алланың ырысы, берекесі.  Бұл сәтті әркім өз үйінде нау-рыз көже пісіріп, молшылықтың белгісіндей бәріне ұсынады. Кәрібаев көшесінің тұрғындары биыл алғаш рет көше болып, наурызды атап өтуді жөн санадық. Бастаманы бәрі қолдады. Қазір өзіңіз көріп отырғандай көше тұрғындарынан бөлек Көктөбедегі әр көшенің үлкендерін де арнайы шақырттық. Ондағы мақсат біреу ғана – бірлігімізді нығайту, – дейді ұйымдастырушылар.

Ұлы Отан соғысына аттанып, хабарсыз кеткен ардагер Балабек Кәрібаев атындағы бұл көшеге жарқыраған асфальт та төселген. Батырдың келіні бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Қайша Кәрібаева да төрді толтырып, ақ батасын берді:

– Дәулетті бас берсін,

Бақытты ас берсін.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын.

Малың өріске толсын.

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын.

Аузы дуалы ананың батасына көпшілік «әумин» десті. Кейіннен түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Ырысты күн әуезді ән, әдемі биге ұласты. Ал ұйымдастырушылар болса «Бұл бастамамызды дәстүрге айналдырамыз. Жастарымыз үлгі алсын» деп ақтарылды.                         

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 4214 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Традиции Нового дня Ауылдастардың ауызбіршілігі »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет