Бейсенбі, 25 Ақпан 2016 14:38

Бақыт өз еліңде

Әрбір адам бұл өмірде жақсылыққа  ұмтылып ел, жер көргісі келеді. Кім саяхатты  қаламайды дейсіз? Бірақ қай мемлекетке  барма,  қанша  дем алма, түбінде бәрібір туған еліңді, өскен жеріңді  сағынып, аңсап тұрарың ақиқат.  Қазақстандай жер,  қазақ халқындай бауырмал ел еш жерден табылмас. Туған елдің  қадірін шет жаққа  шыққанда  білесің. Елін, халқын сүйетін жүрек  туған жерге тартып тұрады.

Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаев  «Нұр  Отан» партиясының  ХVІІ съезінде «Байлық та, бақыт та, өмір де өз еліңде, өз отбасыңның жанында» дегенін тікелей эфирден  тыңдап отырып,  мұның рас екеніне көз жеткіздім. Шындығында, біздің елімізде  бәрі бар: кәсіптің  неше түрін  ашамын деушілерге мемлекеттік қолдау да, көмек те беріліп жатыр.  Ауданымызда егін егіп, төрт түлік мал өсіремін деушілерге, алма бақтар мен  көкөніс өсіремін дегендерге  сан-алуан субсидиялар түрінде  көмек беріледі. Еңбек етемін деген адамның  қай ұлт, қай ұлыс болсын қолын ешкім қағып отырған жоқ. Халық қамы мен денсаулығын ойлап, «Саламатты Қазақстан», «Қолжетімді баспана», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және басқа да стратегиялық маңызды құжаттарда жастар мәселесі басты назарға  алынған. Ауданымыз Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың баяндамасында  шағын және  орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы Қазақстанда  жұмыссыз жандар болмауын қамтамасыз  етті, өзге де  ел тағдырына қатысты  көптеген  мәселелерді  айтты. Біз, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары,  Елбасымыз көрсетіп  нақтылап берген  сара жолмен  қадам басып, осы бағытта  аянбай еңбек  етуіміз керек.  Өйткені,  еліміздің сыртқы  әсерлер себебінен туындаған, сондай-ақ  туындауы мүмкін сын-қатерлерге лайықты қарсы тұруы  үшін барлық  ұлттар жұдырықтай жұмылып, өзара  ауызбірлік,  бір-бірімізге  қамқорлық,  мейірімділік қажет  екендігін түсінетін  уақыт жетті.

«Нұр Отан» партиясының  Астанда өткен кезектен тыс ХVІІ съезінде партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған баяндамасын зейін қойып,  мұқият тыңдадым.  Қорыта келгенде,  өзімнің түйген  ойым – Еңбекшіқазақ ауданы аграрлы  өңір болғандықтан,  көкөніс, тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдері жетіп артылады.  Соларды қайта өңдейтін өндіріс орындары  Шелекте  салынса  нұр үстіне нұр болар еді.  Көптеген жастарға  жұмыс табылар еді.  Аудан әкімі  Бинәлі Ысқақ әрбір ауыл-огругке барып, ел  алдында  есебін беріп кетті. Қолынан келгенше  ауданымызға  қамқор болып, елдің  алғысына  бөленіп жүрген азаматқа алғысымыз шексіз.

Ташгүл ИЗИЯРОВА,

Қорам ауылы.

Ақын, «Азия бүгүн» газетінің бас редакторы.

Оқылды 3235 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Пахнет в воздухе - весной! Бақыт өз еліңде »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет