Бейсенбі, 25 Ақпан 2016 14:18

Имамдар жұмысы талқыланды

Жақында аудандық орталық мешітте облыстың бас имамы Нұржан Манапбаевтың қатысуымен жиын өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, хазірет Рәтбек қажы Нысанбайұлы, ауданның бас имамы Сапархан Төреқұлов пен ауылдық мешіттердің имамдары қатысты.

 

Алғашқы болып сөз алған Нұржан Манапбаев жиылғандарға алғысын жеткізе келе:

– Құрметті имамдар, бүгінде асыл дінімізге күйе жағып, оны сырт көзге жеккөрінішті көрсеткісі келетіндер бар. Біз олардың алдын орап өтуіміз керек. Ол үшін ҚМДБ бекіткен мына төрт бағытта белсене жұмыс жасауымыз керек. Олар: уағыз-насихат, теріс ағымдармен күрес, қайырымдылық шаралары мен сауат ашу курсы. Ауылдық мешіттің имамдары кемінде 5-6 балаға сабақ беруі тиіс – деп, аталған бағыттар бойынша өткізілген шаралардың есебін аудандық орталық мешітке өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов пен бөлімнің бас маманы Қайсар Асқарұлы, аудандық ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ауыл имамдарына өздерінің тараптарынан ұсыныс-тілектерін айтып, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Жиын барысында Рәтбек қажы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, имамдардың бүгінгі атқарып жатқан жұмысына көңілі толатындығын жеткізді.

Басқосу соңында Нұржан Манапбаев өздерінің белсенділігімен көзге түсіп жүрген бірқатар ауыл имамдарын алғыс хаттармен марапаттап, ризашылығын айтты.  

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4108 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бақыт өз еліңде Имамдар жұмысы талқыланды »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет