Бейсенбі, 18 Ақпан 2016 14:57

Ажалға асықтырған сырғанақ

Қыс мезгілі ақ қары мен көк мұзы, қарып түсер ызғарымен ғажап. Шана немесе шаңғы тебу де жылдың өзге мезгілдері ұсына алмайтын кереметтер. Әсіресе, аталған кереметтерді Алатаудың етегін мекен еткен тұрғындар үш ай бойы қызықтайды. Өйткені, тау қойнауы қашан да қарға толы әрі тау үстінен шанамен сырғанап түсу рахаттың көкесі.

 

Қысқы сырғанақ тебу алаңдары стихиялы түрде пайда болатыны аян. Оларды алдымен ауыл балғындары, кейіннен ауыл тұрғындары тартылып үлкен сырғанақ алаңдарына айналдырып жатады. Бүгінгі таңда аудан аумағында бірнеше сырғанақ тебу алаңдары бар. Рахат ауылдық округіне қарасты «Нұртөбенің белі» осы күні берісі Талғар, арысы Алматыдан сырғанақ тебуге адамдар арнайы келетін орын. Түрген ауылдық округіне қарасты «Тақыр тау» жотасы да сенбі мен жексенбі күндері адам қарасы үзілмейтін мекен. Сырғанақ тебуге арнайы шығарылған жұмсақ баллондарын жалға беріп, ақша табатын ағайындар да жүреді осында. Бір сағат сырғанауға 1000 теңге беріп сөз жеткісіз ләззатқа кенелесің. Айтапағым бұл емес әрине. Бәрі де керемет мұнда. Тек адамдар өмірінің қауіпсіздігі қарастырылмаған. Бұл өз көзімізбен көрген шындық.  Жақында мынандай келеңсіз оқиғаға куә болдық. Тау басынан төмен қарай керемет жылдамдықпен сырғанай жөнелген бүлдіршін қыздың көлденең көліктің астына кіріп кете жаздап (періштесі қақты ма, белгісіз) бір ажалдан аман қалғанын көрдік. Бұл Нұртөбенің беліндегі сырғанақта бір емес бірнеше рет өз көзімізбен көрген оқиға. Көлік толы адамдар сырғанақ тебуге асығу үстінде. Олар жүргізушіден бастап тау басынан арнайы баллонға мініп бүлдіршіндердің сырғанап келе жатқанын байқайтын емес. Көлденең келіп қалған көлікке кептеліп қалмасқа не амал... Дүңк еткен дауыс шығады кенет. Бұл соққыдан бүлдіршін тұрмақ, ересектер де есінен танып, құрыды дегенде миы шайқалатыны ақиқат.

Осы мәселе бойынша Рахат ауылдық округі әкімдігіне хабарластық. Округ әкімінің орынбасары Нұрлан Біржанов: «Рахат ауылының шыға берісіндегі Нұртөбенің белі 22 гектар жер жеке шаруа қожалығының еншісінде. Біз ауыл тұрғындарын ол жаққа бармаңыздар деп қанша үгіттесек те бәрібір. Алдыңғы сенбі, жексенбіде 2 мың адамды санадық. Алматы қаласынан да келген. Адамдардың мол келуіне байланысты кезекшілік те қойдық. Десек те, дене жарақатын алған, тіпті, аяғын сындырып алған келеңсіз оқиғалар тиылатын емес» – дейді.

Аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Айдос Жүнісовке де телефон шалдық арнайы. Мәселені кеңінен айта келіп, сенбі және жексенбі күндері Нұртөбенің беліне кезекшілік қойсаңыздар деген өтінішімізді де жеткіздік. Тыңдап алған ол, шара қолданылатынын жеткізді.

 Тағы бір мәселе, сырғанау барысында темір шана да өмірге қауіп төндіретіндігі байқалды. Сырғанақ тебушілердің басым бөлігі бүлдіршіндер десек, оларға тек жылдамдық қажет. Ал, аталған жылдамдық деңгейіне сырғанауға арналған жұмсақ баллон мен Нұртөбенің белі молынан жеткізеді. Темір шана сүйреген жандар осы жағын ескеріп, өзінің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу мақсатында арнайы жұмсақ баллондарға ауысса.

Біркелкі тәртіп пен қауіпсіздік шараларын округ әкімдігі мен жергілікті полиция қызметіне тапсырдық. Бір айдан кейін көктем шығып, сырғанау мерзімі аяқталары да аян. Тек бүлдіршіндер алдағы көктемді балдақ ұстап қарсы алмаса екен деген ізгі тілегіміз де бар. Бұдан арғысын айтуға ауыз да бармайды. Тағы бір мәселе, кәсіпкерлерді тартып, жабайы сырғанақ тебу алаңдарын мәдени қалыпқа келтіре отырып, тәртіп әрі қауіпсіздік орнатуға болатын сияқты.  Бұл кәсіпкерлерге құлаққағыс. Бәрі де өз қолымызда. 

Ә.САРЫБАЙ.

Оқылды 3165 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қыс қызығы – қансонар Ажалға асықтырған сырғанақ »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет