Бейсенбі, 18 Ақпан 2016 14:48

Қыс қызығы – қансонар

Атан өлсе – сойылар,

Атам өлсе – қойылар.

Жыл айналып бір келген,

Қансонар қайдан табылар?

Иә, бір жылда бір-ақ рет болатын қансонар бүркітшілер ғана емес, қазақ қауымы үшін маңызды күн. Қоян мен түлкіге құс салған саятшылардың өнерін тамашалаудың өзі бір ғанибет емес пе? Көк Туымызда бейнеленген қасиетті құс көкке көтеріліп, жерге қарай құлдилағанда тебіренбейтін қаракөз кемде-кем. Жақында осы бір керемет сәтті тамашалаудың сәті түсті. Сөгеті ауылдық округіне қарасты Шеңгелсу-Илантау жерінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс, аудан әкімдіктері мен «Қыран» ұлттық спорт федерациясының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрінен «Саят» өнері бойынша «Сонар-2016» республикалық жарысы өтті.

 

Атадан қалған ұлттық өнерді тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев, аудан әкімінің орынбасары Бекет Ахметов, «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы, ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты. Республиканың түпкір-түпкірінен қонақтар ағылып келді. Мұнда, тіпті, шетелдіктердің де қарасы қалың.

Сайыстың шымылдығын ашқан Бақтияр Өнербаев өзінің құттықтау сөзінде:

– Саятшылық өнер – бізге ата-бабадан қалған баға жетпес байлығымыз. Осы қазынаны келер ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу – асыл парызымыз.

Жер жәннаты болған Жетісуда бүгінде ұлттық өнер даму үстінде. 1987 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан «Сонар» құсбегілер байқауы осы жылы да шымылдығын түрді. Көріңіздер. Демалыңыздар. Ұлттық өнерді насихаттауға өз үлестеріңізді қосыңыздар – деп қатысушыларға сәттілік тіледі. Бағдат Мүптекеқызы мен Ерлен Оспанов та көпшілікті бабадан қалған мәдени-спорттық мұраны қастерлеуге шақырды.

Байрақты бәсекеде Ақмола, Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Шығыс пен Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласынан 60-қа жуық құсбегілер командасы өзара бәске түсті. Әділ-қазылар алқасы құстардың аңға түсу шеберлігіне ғана мән бермеді. Сондай-ақ, құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, екеуінің ара-қатынасын да бақылап, бағалады.

Жарыстың алғашқы кезеңінде бүркіттерді қоянға салды. «Сүрінбейтін тұяқ жоқ». Жерсінсе керек, қырандардың көбісі қоянды ала алмады. Байқаудың келесі кезеңінде құсбегілер мен құстар өздерінің қырағылықтарын көрсетті. Десе де, қу түлкі бірнеше бүркіттен айласын асырып, тырнағына ілінбей кетті. Тек, үш бүркіт қана ә дегеннен түлкіні астына басып, қожайынының қанжығасын майлады.

Екі күнге созылған байқаудың қорытындысы бойынша І орын Атырау облысынан келген 15 жасар Сармат Әбдікәрімұлына бұйырды. Бұл Ұшқыр атты бүркітпен атыраулық баланың екінші жеңісі. Ал астаналық Серікбек Күнтуған ІІ орынды қанағат тұтты. Қостанай облысының құсбегісі Бергенбай  Тастанбек ІІІ орынға жайғасты.

Қаршыға салу бойынша Жамбыл облысынан Берікболсын Жалғасұлы өзегелерден оқ бойы озық шығып, І орынды иеленді. Дәл осы облыстың құсбегісі Бақдәулет Бабажан ІІ орынға табан тіреді, үздік үштікті ақтөбелік Ақберен Құрманғалиев қорытындылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5085 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бағдаршамды кім бұзды? Қыс қызығы – қансонар »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет