Бейсенбі, 11 Ақпан 2016 11:54

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

9 ақпанда Есік гуманитарлық-экономикалық коллледжінің акт залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХV конференциясы өтті. Оған партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Әсел Дайырбекова, партия белсенділері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері қатысты.

 

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды: жақында Елордада өткен «Қазақстан-2021: Тұрақтылық. Бірлік. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын талқылау, түсіндіру, «Нұр Отан» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну және Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс ХVІІ конференциясына делегаттар сайлау.

Алғашқы мәселе бойынша Бинәлі Әбдіқапасұлы баяндама жасады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы азаттықтың алтын таңымен тұғыры бекіген ең басты үш құндылығымызды Елбасының сөзімен жеткізді:

– Бірінші – Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Мәңгілік Еліміз. Бұл тұрғыдан ілгері басқан жасампаз Ел ретінде Біздің мұратымыз – Мәңгілік Еліміздің асқақ болмысын аялап, 21 ғасырдың төріне оздыру. 

Екінші - бұл Тәуелсіздігіміз бен азаттығымыз. Ол өз тағдырымызды өзіміз шешуге  және тарих, бүкіл әлем алдында жауапты болуға құқық береді.

Үшінші – бұл халықтың бірлігі, туған Отанымызды  өркендету жолындағы бейбітшілік пен келісім. Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра отырып, барша этностарды ел иесі – қазақ ұлтының маңына ұйыстырдық.  Тегі бөлек болғанмен тілегі бір, қаны бөлек болғанмен жаны біртұтас Қазақстан халқының қайнар көзін аштық.

Кейіннен партия филиалының төрағасы Бинәлі Ысқақ Елордада өткен партияның кезектен тыс ХVІІ съезіндегі қабылданған бағдарлама негізінде жеті түрлі жұмыс аудан аумағында қарқын алатынын ерекше атады. Олар: инвестициялық даму көрсеткіштерін, тұрғындардың әлеуметтік қолдаудың көрсеткіштерін арттыру, мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру, инфрақұрылымды, әлеуметтік салаларды дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды ұтымды пайдалануды жүйелендіру және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. «Аталған бағыттар біздің болашақ ұрпақ үшін жасаған 7 өнегелі қадамымыз болмақ» – деді Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Жарыссөзге «Жас Отан» ЖҚ мүшесі Талшын Аленова, Қаражота ауылы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп директоры, топтық ұйым жетекшісі Амина Пірімқұлова және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов шықты. Сөйлеушілер өз кезегінде әлемде соғылған сын сағатқа қарамастан еліміздің өркендеуге бет алғандығы – жүйелі реформалар мен білікті басшылықтың белгісі екендігін атады. Сондай-ақ, 25 жылдағы жеткен жарқын жетістіктеріміз – көшіміздің түзу, көкжиегіміздің шуақты, бағытымыздың дұрыс екендігін айғақтайтынын мақтанышпен айтты. Күн тәртібіндегі екінші мәселеде тізім бойынша             дауыс берілді. Яғни, «Нұр Отан» партиясынан аудан-дық мәслихат депутаттығына, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер ұсынылды. Сондай-ақ, партияның облыстық ХVІІ конференциясына ауданнан 19 делегат қатысатын боп шешілді. Бұл күн тәртібіндегі үшінші мәселе еді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2742 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ата-анаға борыштымыз Жұмыла көтерген жүк жеңіл »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет