Бейсенбі, 28 Қаңтар 2016 11:08

Өткеніміз өрісті, келешегіміз келісті

Сөгеті 

Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ Сөгеті, Малыбай, Бартоғай, Масақ, Шелек, Қаражота ауылдық округтерінде тұрғындар алдында есеп берді жақында. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

 

 Сөгеті ауылдық округі О.Жандосов атындағы орта мектептің акт залында есеп берген аудан әкімі өз баяндамасында  өткен жылға ғана емес, аудан әкімі қызметіне тағайындалғалы бергі төрт жылда атқарылған істер турасында сөз қозғады. «Ауданымыз – аграрлы өңір. Былтыр ауылшаруашылығы саласының өнімдері 59 млрд 200 млн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда 38 млрд 21 млн теңгеге артық. Мұндай жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізу, ең алдымен инвестиция тарту мен озық технологияларды енгізудің, егін шаруашылығындағы жаңа сорттар мен мал басын асылдандырудың, аграрлы ғылыми мекемелермен өзара тығыз байланыстың жемісі. Ғылым мен аудан шаруаларының қарым-қатынасының арқасында егістік жерлерді ылғалдандыру технологияларымен қамту өткен жылдармен салыстырғанда 6,2 пайызға немесе 8,5 мың гектарға ұлғайтылды. Сол секілді тамшылатып суару әдісін қолдану аясы да 3610 гектарға кеңейтілді». Осы және басқа да жетістіктерді сөз еткен аудан әкімі ауданымыздың шекаралары Сөгеті және Бәйтерек           ауылдарын абаттандырудың маңызына ерекше тоқталды. «Бұл екі ауыл да ауданның айнасы іспетті» – деді өз сөзінде Бинәлі Ысқақ. Өткен жылы О.Жандосов атындағы орта мектеп 368 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ, мектеп жанынан 120 орындық интернаттың салынуына жер белгіленген. Аталған игіліктер әлемдік дағдарысқа қарамастан жалғасатындығын жеткізді.

Келесі кезекте тұрғындар алдындағы есебін ауылдық округ әкімі Айтжан Қашағанов берді. Ауылшаруашылығы саласын сөз етті округ әкімі. 410 шаруа қожалығы, 2010 гектар егістік алқабында жемісті еңбек етуде. 23 100 жайылымдық жер мал басының өсіміне себепші. Округте 2314 бас ірі-қара, 27779 бас қой-ешкі, 1013 бас жылқы малы тіркелген.   Өзге де жетістіктерге тоқталған округ әкімінің есебінен кейін ауыл тұрғындары мінберге шығып, ауыз су және емхана мәселесін сөз етті. Бұл ұсыныстар бойынша жұмыс жүйелі жүргізілетіндігін жеткізді аудан басшысы. Аудан әкімі және ауылдық округ әкімінің есебі тұрғындар тарапынан қанағаттанарлық деп танылды.

Малыбай

Малыбай орта мектебінде тұрғындар алдында сөз алған аудан әкімі әлемдік дағдарысқа қарамастан аудан даму бағытын еш өзгертпейтіндігін жеткізді. Жетістіктер желкенін керген ауданның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтушы аудандар қатарына енгендігі турасында қуана әңгімеледі. Сондай-ақ, Бинәлі Әбдіқапасұлы аудан әкімі лауазымына тағайындалғалы бергі төрт жылдың көлемінде аудан аумағында 5 млрд 400 млн теңгеге 28 әлеуметтік нысандар бой көтерген.  Басқа да жетістіктерді кеңінен сөз еткен аудан әкімінен кейін ауылдық округ әкімі Еркінбек Дәуітқұлов өз есебін берді.

Осыдан кейін ұйғыр халқының өкілдері мен ауыл ақсақалдары  сөз сөйлеп, аудан әкіміне және округ әкіміне алғыстарын айтты. Сондай-ақ, көшенің жарықтандырылуы мен жөнделуі турасында ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі ендігі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі негізінде салық көздерінен түскен қаржы округ игіліктеріне жұмсалатындығын айтты. Көшенің жарықтандырылуы мен жөнделуін жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе тұрғындар қадағалайтындығын жеткізді.

 

Бартоғай

Бартоғай ауылдық әкімдігі ғимаратында тұрғындар алдында есеп берген аудан әкімі Бинәлі Ысқақ әлемді шарпыған экономикалық дағдарыс кезеңінде татулық пен ынтымақ таныту дамудың басты қағидасы екендігін ерекше атады. Аудан әкімі бұл дағдарыс турасындағы ойын Елбасының сөзімен тұрғындарға былайша жеткізді:  «Дағдарыс ұзақ тұрмайды. Ұлт болашағы, ұрпақ келешегі мәңгі». Аудан басшысының есебін де қуана құптады округ тұрғындары. Сондай-ақ, ағымдағы жылға жоспарланған даму бағдарламасы жөнінде де тұрғындар ойы бір арнадан табылды. Округ әкімі Талғат Өмірбеков өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырғаннан кейін округ тұрғындары сөз алып Бинәлі Әбдіқапасұлына алғыстарын білдірді.

Масақ

 

Масақ ауылдық округіндегі кезекті аудан әкімі мен жергілікті әкімнің есебін тыңдауға келгендердің қарасы қалың. Алғашқы болып мінберге көтерілген Бинәлі Әбдіқапасұлы қой жылы аудан аумағында атқарылған игіліктерге тоқталып өтті.

– Бүгінде өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр. Осыған орай, округке қарасты Нұрлы мен Қ.Ұлтарақов ауылдарындағы су құбырларының сметалық жоспары әзірленді. Жалпы құны 272 млн теңге болатын жобаның қаржыландыруын ғана күтіп отырмыз. Сонымен қатар, Масақта биылдан бастап 300 мегаваттық жел электрстанциясының құрылысы бас-талады. Осы аймақта күн сәулесінің белсенділігі өте жоғары болғандықтан шамамен 100 гектардай аумаққа құны 20 млн еуро болатын 10 мегаваттық күн батарея-лары қойылады. Бұл – біріншіден, тұрғындарды сапалы энергия көзімен қамтамасыз етсе, екіншіден, жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылады – деп, аудан әкімі масақтықтарға сүйінші хабарды жеткізді. Ал, округ әкімі белгілі себептермен жиналысқа қатыса алмағандықтан, тұрғындар алдында есепті округ әкімінің орынбасары Ұлан Сағынбеков берді. Ол өз сөзінде жыл бойы округ аумағында атқарылған істерге тоқталып, ауылшаруашылығы, инфрақұрылым, медицина, білім беру мен масақтықтардың әлеуметтік жағынан ілгерілеуін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, болашақтағы жоспарларымен де бөлісті. Кездесу барысында тұрғындар аудан әкімі Бинәлі Ысқаққа округтегі егістік алқаптарына көктем мен жаз мезгілінде су келмейтіндігін, орталық көшені жарықтандыру, емхана қызметкерлерінің олқылығы, жол мәселесі, әлеуметтік нысандардың ескіргендігін айтып, жазбаша өтініш берді. Осы мәселеге байланысты аудан басшысы:

– Осы жылы егістікке су молынан берілетін болады. Бұл мәселені ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Әзіл Жұмағалиевке тапсырып, тікелей өз бақылауыма алатын боламын – деп жауап берді. Сондай-ақ, медицина саласындағы олқылықтарды тез арада жоюды ауданның бас дәрігері Болат Балақойшиевке жүктеп, жергілікті учаскелік полиция инспекторына тапсырмалар берді. Кездесу соңында көпшілік округ әкімі мен аудан әкімінің есебіне бірауыздан қанағаттанарлық деген баға берді.

Шелек

 

– Шелек ауылы – көлемі жағынан да, халық саны жағынан да ауданымыздағы ірі елді мекен болып саналады. Осындай болашағы зор ауылға жағдай жасау – біз үшін басты міндет. Өздеріңіз көріп жүрсіздер, Шелекке кіре-берісте 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда шелектіктер балабақшаға зәру болмаса да, округтің болашағы зор. Сонымен қатар, жақында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы келіп, емхананың жағдайымен танысты. Күрделі жөндеуден өткізуге құжаттарын рәсімдеп қойдық. Ал, емханадағы балалар бөлімін мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді сауықтырып оқытатын балабақшаға айналдырамыз.

Білім беру мәселесі де бүгінде өзекті болып отыр. Сол себепті болашақта Шелекте дарынды балаларға арналған 600 орындық мектеп салып, ауданымыздағы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан үздіктерді осында жатқызып, оқытатын боламыз – деді Бинәлі Әбдіқапасұлы Шелек тұрғындары алдындағы есебінде. Айтуынша, аудан орталығындағы спорт кешені сынды нысанды салу да жоспарда бар. Жер телімі бөлініп, құжаттары реттелген. Тек қаржыландыру мәселесі кедергі. Расымен де, дағдарыс кезінде бірінші кезекте мектеп, балабақша, емхана сынды әлеуметтік нысандар басты назарда болуы тиіс. Одан соң спорт нысандары қолға алынады.

Шелектің бір жылғы тыныс-тіршілігін сөз еткен округ әкімі Есенғали Есенханов та әлемде дағдарыс белең алса да, округ аумағында тек игі істер жасалып жатқанын алға тартты.

– Елбасы Жолдауында айтылғандай, дағдарыс кезінде ауылда халықты жұмыспен қамту, ол үшін ауылшаруашылық өндірісін және кәсіпкерлікті дамыту – жұмысымыздың басты бағыты – дей келе бір жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны біршама артқандығын айтты. Сонымен қатар, басқа да салалардағы ілгерілеушілікке тоқталып өтті. Сөз алған Х.Бижанов атындағы орта мектебінің жас маманы Айжан Баянбаева, ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Ержан Смайылұлы, Сайра Базылбекова мен көпшілік қос әкімнің бір жылғы атқарған істеріне қанағаттанарлық деген баға беріп, өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді.

 

Қаражота

 

Қаражота ауылдық округіндегі есептік кездесуінде аудан әкімі Сарыбұлақ ауылындағы орта мектептің күрделі жөндеуден өтетіндігін айтты. Оған қоса, мектеп оқушыларының саламатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалып, спортзал салынып берілетіндігін жеткізді. Айтуынша, өткен жылы ауданда 6 дәрігерлік амбулатория салыну жоспарда болған. Қаржылық қиындықтарға байланысты бұл қуаныш тек Ащыбұлақ ауылының тұрғындарына ғана бұйырған. Ал сол алтылықтың ішінде Қаражота ауылының амбулаториясы да кірген. Алдағы уақытта аталған мәселе де оң шешімін табады. Бұл туралы өз сөзінде Бинәлі Ысқақ атап өтті. Сондай-ақ, ауыз су құбырлары да жаңартылады болашақта. Келесі болып мінберге көтерілген округ әкімі Ерік Рахимов округтегі жетістіктерге шолу жасап, алдағы мақсаттармен бөлісті. Сөзіне сүйенсек, округ аумағындағы үш ауылдың бүгінгі жағдайы көңілге қонымды. Тек, әлеуметтік нысандар ескірген. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Пікірін білдірген ауыл ақсақалы Ноянбай Ақманов та өз сөзіне арқау етті. Сондай-ақ, ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Емелхан Қайыпова Сарыбұлақ ауылындағы орта мектептің терезелері ескіргендігін айтып, ата-аналар атынан осы мәселенің шешілуін сұрады. Жиын соңында округ тұрғындары Бинәлі Ысқақ пен Ерік Рахимовтың баяндамаларына қанағаттанарлық деген баға берді. 

Ә.МАНАСБЕК.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 4182 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет