Бейсенбі, 28 Қаңтар 2016 11:04

Жаңа кәсіби стандарт талқыланды

Жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Жаңа кәсіби стандарт» атты облыс орталығы мен аудандарының әкімдік қызметкерлері арасында бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық деңгейде дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Бекен Керімбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, басқарма, бөлім басшылары, округ әкімдері мен мамандары және қоғамдық қор өкілдері қатысты.

Аталған шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қыз-меткерлердің этикасы, адам-гершілігі мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қоятын мемлекеттік қызмет институтының бірегейлігін нығайту. Осыған байланысты мемлекеттік   қызметкерлердің этикасы мен олардың міндет-тері жайында баяндамалар оқылып, қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап берілді. Сон-дай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар түсіндірілді. Бейнеконференцияға теле-желі арқылы қатысып өз пікірін жеткізген жергілікті қауымдастықтар қорының төрайымы Бақытгүл Елшібаева әлемдік сарапшылардың пікіріне сүйене отырып, Қазақстан тәуелсіздік жылдары құрылған мемлекеттік қызмет үлгісі тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ішіндегі үздігі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының мемлекеттік басқару жүйесінің қоғам алдындағы трансперен-ттігі мен есептілігін арттыру жолында азаматтық қоғамның атқарар рөлі ауқымды екенін де конференцияға қатысушылар-дың есіне салды. Бұл мақсатқа жету жолында қолжетімді ақпарат пен қоғамдық бақылаудың орны ерекше. Шара соңында қатысушылар әдептік мінез-құлық стандарттарын ұстану – тұрғындардың мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Бұл – Мемлекет басшысы әрбір мемлекеттік қызметшінің алдына қойған басты міндет.

          Сардарбек НҰРАДИН. 

Оқылды 2445 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет