Бейсенбі, 21 Қаңтар 2016 14:34

Саяси ұйым өсу жолында

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, Есік қаласының әкімі Бауыржан Бименов аудандық емхана қызметкерлерін Елбасы саясатын қолдап, партия мүшелігіне өтуге шақырды.

 

Емхана басшысы Болат Балақойшиев жиынның мақсаты турасында ақ халатты абзал жандарға кеңінен түсінік берді. Әрмен қарай Қуат Байғожаев: «Бүгінгі таңда «нұротандықтар» қатарының миллиондық межеге жақындап қалғандығы аталған партияға деген ел сенімінің айғағы. «Бірлік түбі – тірлік». Елбасымыздың бес институционалдық реформасы, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» және «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауы еліміздің әлеуетін арттырып, даму жолын айқындаған бастамалар. 2016 жыл – дәл осы игі бастамалар іске асырыла бастайтын жыл. Қазақстан – көппартиялы мемлекет. Алайда, тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдар ішінде қазақ халқының мәңгілік ел болу мақсатына, әлемдегі ең озық елдердің қатарына қосылуға ұмтылған мемлекетімізге «Нұр Отандай» қызмет ете алған ешбір сая-си ұйым болған жоқ. Осы себепті Елбасы саясатын қолдап, «Мәңгілік Ел» болу мақсатына ұмтылған еліміздің дамуына үлес қосыңыздар. Партия қатарына өтіңіздер» – деді. Бауыржан Бименов: «Партия қатарына мүше бола отырып, Елбасы бастамаларының жүйелі жүзеге асуы әрбіріміздің қолымызда. Елбасы жүктеген жауапты міндеттер өздігінен іске аспайтыны айқын. Бұл үшін бірлік пен өзара келісім әрі ортақ көзқарас қажет. «Нұр Отан» партия-сы аталған бірлікке жұмылудың жолы» – деді.

Жиын соңында емхана қызметкерлеріне партия қатарына өту тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, ел мүддесі жолында еңбек ету, реформаларды жүзеге асыру жолдары және бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолындағы өзара ынтымақ таныту мәселесі сөз болды.

Ә.МАНАСБЕК.    

Оқылды 4240 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жаңа кәсіби стандарт талқыланды Саяси ұйым өсу жолында »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет