Жұма, 18 Желтоқсан 2015 15:04

Ғұмырын әнмен әрлеген

Бойдағы табиғи талант пен қандағы қасиет өзін көрсетпей қоймайды. Талай тығырықтан суырып шығарып, жақсылыққа бастайды.  Көпшілікке танытады. Мерейіңді асырады. Иә, сол табиғаттың берген көркем қасиетін бойыңда сақтап, оны алып жүру де, әсте, оңай шаруа емес. Бірде тұнжыратады, енді бірде жадыратады. «Өнерім – өмірім» деп жүрген талай жандар мұны түсінеді. Сондай адал да ақжарқын, қарапайым да көңілді жандардың бірегейі профессор, әнші, сырнайшы, композитор Ағайша Исағұлова Шермұхамбетқызымен танысып, шығармашылығына қанық болдық Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде болған кездесуде.

 

Осындай келелі кездесуді ұйымдастырып, колледж шәкірттерімен лекция-концерт өткізуге ұйытқы болған – көп жылдан бері колледжде музыка пәнінің оқытушысы болып қызмет етіп жүрген Базаркүл Камрадинова екенін айтпасқа болмас. Расымен де, Ағайша Шермұхамбетқызы әр сөзі, әр қимылы, әрбір сырнайымен салған әнімен бейне бір сабақ беріп отырғандай керемет әсерде қалдық. Баршамыз қосылып ән шырқап та кеттік. Алғаш Алматыда «Айгүл» ансамблі қалай құрылғанын еске алып, Е.Хасанғалиевтің жетекшілігімен бірнеше концерттерге қатысқандары жайлы да айтып берді. Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиевпен болған жүздесулерін, әсіресе, Елбасы Н.Назарбаевпен қалай тілдескенін зор тебіреніспен көрерменге жария етті.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, өзімен ерте келген шәкірттеріне кезек беріп, әнші қыздар ұстазының сүйемелдеуімен әуезді әнге салды.

Кеш соңында сөз алған колледж директоры Г.Жошыбаева Ағайша Исағұловаға алғыс білдіріп, өнеріне өрлеу тіледі.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 3171 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ақын елдің ардағы Ғұмырын әнмен әрлеген »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет