Бейсенбі, 26 Қараша 2015 15:58

Атаулы мерекелер аталып өтті

Бүгінгі күні Керей мен Жәнібек хандардың Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа қоныстанып, қазақтың туын көкке көтергеніне бес жарым ғасырдың жүзі болды. Бұл қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға. Ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, этникалық аймағын біріктіруде бұл кезең шешуші рөл атқарды. Ата-бабаларымыздың көрегендігі мен даналығының арқасында бүгінде біз – Ұлы Дала төсіндегі Тәуелсіз Қазақ еліміз. Биыл сол тарихымызды ұлықтау мен қайта жаңғыртудың жылы. Осыған орай  республика көлемінде мерейлі мерекелер жоғарғы дәрежеде атап өтілуде.

 

Жақында Қайназар ауылдық мәдениет үйінде мекеме директоры Райхан Жанбосынованың ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығына арналған есеп беру концерті өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев, Рахат ауылдық округінің әкімі Ахмет Жолдыбаев пен ауыл тұрғындары қатысты.

Ашылу рәсімінде Ахмет Жолдыбаев:

– Құрметті тұрғындар, өздеріңізге белгілі жақында Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ауқымды шара өтті. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі қатысып бірнеше игіліктің куәсі болған еді. Бүгінде дүбірлі той округімізде жалғасын табуда.

Осы мерекені атап өтіп қана қоймай, біз болашақ ұрпақтың санасына ата-бабаларымыздың қандай батыр болғандығын, олардың ел бостандығы жолындағы ерліктерін насихаттауымыз керек. Сонымен қатар, баға жетпес Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтауды үйретуіміз тиіс – деп тұрғындарды мерейлі мерекелермен құттықтады.

Концерттік бағдарламаның басы Қазақ хандығының құрылуы жайлы көрініспен басталды. Көріністегі Керей мен Жәнібек хандардың сөзі көпшілікке рух беріп, еріксіз қол соқтырды. Сонымен қатар, жиылған жұртшылық бір сәтке болса да Қазақ хандығының құрылған кезіне сапар шегіп, тарихпен сусындады. Кәсіби болмаса да, өздерінің актерлік шеберліктерімен олардан кем түспеген мәдениет үйінің қызметкерлері қайназарлықтардың алғысына бөленді. Кейіннен Толқын Әлешұлы, Наурызбай Берікұлы, Айжан Тұрсынбай, Базарбек Сәтен, Шынар Әзімбаева «Алатау», «Қазақстаным алға», «Туған жер», «Ауыл сағынышы», «Жылқышы» сынды әуезді әндерімен көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Ал «Бахар» би тобы мен Силима Ниязова мың бұралған биімен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт соңындағы «Достық» биі аудан аумағындағы ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара татулықты көрсетіп, бірлікті насихаттады.

– Биыл мерейлі даталардың тоғысқан жылы. Енді ғана тәй-тәй басқан еліміз үшін осы мерекелерді атап өтудің маңызы зор. Жыл басынан бері  республика көлемінде, сондай-ақ, ауданымыздың түпкір-түпкірінде әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы концерт сол игі шараның жалғасы.

Біздің мақсатымыз – ән айтып, би билеу емес. Тәуелсіздік бізге қандай жолмен келді, осы жолда құрбан болған батырларымыздың есімдерін жастардың санасына сіңіріп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу – деп Қуат Байғожаев мерекелік шараға оң бағасын берді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 4423 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет