Жұма, 28 Ақпан 2020 09:55

Қазақ халқы - Абайдың халқы

Қазақ халқы - Абайдың халқы mezet.kz

Ұлы ақынның, ойшылдың бір ғасыр бұрын айтқан әр сөзі – әлі күнге әрқайсымызға азық. Ғибратты сөздерінің өміршеңдігінің сыры да сонда. Тек Абайды танып-білу үшін, оның жанына терең үңілу үшін шығармаларын түсініп оқу да аздық етер. Осы орайда ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралардың берері мол.

«Қазақ халқы – Абайдың халқы» деген атпен Қаракемер кәсіптік колледжінде өткен әдеби-сазды кеш – сөзіме дәлел. Ақынның образына кіріп, басына тақиясын, үстіне шапанын киген колледж оқытушысы Бекмұрат Мақсұтов төрде Абай атаның өзі отырғандай әсер қалдырды. Сол заманның көрінісін көз алдымызға келтіре алған ұйымдастырушылардың жұмысын ерекше атап өткен жөн. Өйткені оқырман әдеттегі сахнаға емес, Абай дәуіріне зер салып отырғандай күйде болды.

Тағы бір қуантарлық жайт – бәрін студенттерге сілтей салмай, оқытушылардың да сахнада өнер көрсетіп, белсенділік танытуы. «Желсіз түнде жарық ай» әнін колледж мұғалімдері хормен керемет орындап, көпшілікке үлгі көрсетті. Кеште айтылған әр шығарманың шығу тарихына тоқталып, халыққа әдемі жеткізе отырып, оқырманның оны терең түсінуіне жағдай жасады. Әрине, тек тақырыбын айтып, тақылдатып оқып беруден айырма көп бұл жерде.

Өлең де, қара сөз де оқылып, Абайдың әдемі әндері әуеледі. Мың бұрала билеген колледж студенттері оқу орнында тек кәсіптік мамандыққа баулып қана қоймай, әдебиет пен мәдениетке де тәрбиелейтінін аңғартты.

Абайдың өмірбаянынан қысқа-нұсқа мәліметтер келтіре отырып, ұлы ақынның көпшілік біле бермейтін қырларын ашуға тырысқан ұйымдастырушылар жиналған жұртты мол рухани азықпен сусындата алды. Кешке Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен арнайы келген қонақтар да колледж ұжымына алғысын білдіріп тарасты.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

Оқылды 2088 рет

Медиа

mezet.kz
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ел бірлігін жырлаған жыр алыбы «One step» – үздік »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет