Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2015 11:30

Қылмыс ашу көрсеткіші жоғары

Қылмыс... Атауының өзі құлаққа түрпідей тиетін адамның қоғамда жасаған теріс қылықтары мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатыны белгілі. Елімізде қылмыстың алдын алу мақсатында үкімет тарапынан түрлі шаралар қолданылып, заң талаптары күшейтілуде. Тиісінше, еліміздегі қылмыстық көрсеткіш те азайып, құқық қорғау органдарының қылмысты ашу деңгейі жоғарылауда.

 

Көлемі облыспен пара-пар аудан тұрғындарының арасындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық бақылауда ұстау оңай іс емес. Десе де аудандық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қылмысты ашуы жылдан-жылға оң нәтиже беріп келеді. Айталық, ауыр және аса ауыр қылмысты ашу деңгейі өткен жылғымен салыстырғанда 55,9 пайызға жоғарылаған. Өкінішке қарай, ауыр және аса ауыр қылмыс жасау өткен жылмен салыстырғанда біршама артқан. Былтырғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 111 ауыр деңгейдегі қылмыс тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 139-ға жеткен. Ал 2014 жылы тамыз айына дейін жалпы қылмыс саны 1529 болса, ағымдағы жылы 1779 тәртіп бұзушылық тіркелген. Демек, 16,4 пайызға өскен. Мұның себебін тәртіп сақшылары аудандағы халық санының өсуімен байланыстырады. Сондай-ақ, жыл басында заңға біраз өзгертулер еніп, бұрындары қылмыс санатына жатқызылмайтын тәртіпсіздіктер бүгінде қылмыстық тізімге енгізіледі. Мысалға, саусағын жаралап емханаға жүгінген адам сол жердегі полиция инспекторы арқылы тізімге қосылып отырады.

Ауданымыз аграрлы болған соң мал өсіру – біздің негізгі бағытымыз. Мал ұрлығы – осы бағытта еңбек ететін шаруа қожалықтарының бас-ты мәселесі. Қуанарлық жайт, мал ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда біршама төмендеген. Аудан аумағында былтыр 119 барымташылық тіркелсе, биыл оның саны 109 болып тұр. Керемет нәтиже емес, әрине. Бірақ, осы қарқынмен жалғаса берсе, бірнеше жылда төрт түлікті ұрлау болмайды деген сөз. Сондай-ақ, ұрлық көлемі де 11,4 пайызға азайған.

Осыдан бірер жыл бұрын пәтер тонау мәселесі аудан аумағында күрт өсіп, жұрттың үрейін туғызғаны белгілі. Аталған қылмыс аясында құқық қорғау органдары қырағылық танытып, істі бақылауға алды. Айталық, 2014 жылы осындай факт бойынша 284 қылмыстық іс тіркелсе, биыл 169 болып отыр. Яғни, 40,5 пайызға төмендеген. Көңіл қуантады, әрине. Десек те, ағымдағы жылдың 8 айында аудан аумағындағы 169 пәтердің тоналуы қалыпты жағдай емес, меніңше. Алдағы уақытта да аудандық ішкі істер басқармасы осы қарқыннан танбайтын болса  болашақта пәтердің тоналуын түп-тамырымен жоятыны сөзсіз.

Жоғарыда көрсетілгендей, 8 айдың ішінде аудан аумағында 1779 құқық бұзушылық тіркелген. Бұл көрсеткіш – ардан аттамай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен дана халықтың ұрпақтары үшін ұят. Кім болсақ та, қандай болсақ та, заң – бәрімізге ортақ. Ал заңды орындамай қылмыс жасағандардың өтеуі – жаза.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 5753 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Қылмыс ашу көрсеткіші жоғары КЕР ЗАМАННЫҢ КЕРI-АЙ! »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет