Дүйсенбі, 11 Қараша 2019 10:16

«Есептерді сапалы және уақытылы тапсыру – зор жауапкершілікті талап етеді»

Жер бетіндегі барлық заттың есебі, сұрауы бар. Мамандықтарын тікелей есеппен байланыстырған аудандағы статистика саласының жұмысына бір көз жүгірту үшін кәсіби мерекесі қарсаңында, осы басқарма басшысы Алуа Елеусізовамен сұхбаттасқан едік.

– Құрметті Алуа Серікқызы, жұмыстарыңыздың маңызы мен қыр-сырына тоқталсаңыз...

– Статистика басқармасының міндеті – статистикалық мәліметтерді жинақтау, өңдеу, сақтау және тарату болып табылады. Статистикалық есептердің нақты, әрі дәл мерзімінде тапсырылуы барлық республикалық көрсеткіштердің сапасын және ресми статистикалық ақпаратты түзуді қамтамасыз етеді. Статистиканың басты функциясы – ақпаратпен жабдықтау. Кез-келген салада бір нақты сан айтар алдында статистиканың берген мәліметіне жүгінеді. Аталған ақпараттармен қатар тұрғын үй деңгейі, жұмыссыздық, телекоммуникация байланысы, тұрмыс жағдайын анықтау бойынша сауалнамалар жыл бойы жүргізіледі. Басқарма негізгі есептерді жинақтаумен қатар жергілікті атқарушы органдармен, заңды тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады.

– Өзіңіз қызмет атқарып отырған аудандық статистика басқармасында заманға сай қандай жаңалықтарыңыз бар?

– Бүгінгі күні ауылдық округ әкімі аппараттарымен тығыз байланыс «Электронды шаруашылық есеп кітабы» болып отыр. Электронды шаруашылық есеп кітабындағы мәліметтер – халық саны, статусы, ұлттық құрамы, білімі, үй жағдайы, қосалқы шаруашылығы, тағы да басқа статистикалық есептерді жүргізуге тиімді әрі ыңғайлы құрал. Электронды шаруашылық есеп кітабындағы мәліметтер дерек қорына енгізілетіндіктен және кез-келген деңгейде бақыланатындықтан мәліметтердің дәлдігінің маңызы орасан зор. Мәліметтердің бұрмалануы тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады. «Деректерді on-line режимінде жинау» ақпараттық жүйесі респонденттерге жүктемені азайту мақсатында әзірленген. Респонденттер өз есептерін Комитеттің www.stat.gov.kz және egov.kz интернет ресурстары арқылы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, жұмыс орнынан тапсыра алады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап «Респондент кабинеті» мобильдік қосымшасы іске қосылғаны туралы хабарлаймыз. Аталған қосымша статистика органдарына тапсыруға қажетті статис-тика нысандары жайлы ақпараттарды қарастыруға, тапсырылған статистикалық есептердің тарихын, қарыз есептер тізімі жайлы ақпарат және де тапсырылатын есептерінің тапсыру кезеңдері аяқталып қалғаны жайлы дербес хабарландырулар алуға мүмкіндік береді. Қосымша Android плтаформасы үшін қолжетімді және «Play market»-тен жүктеп алуға болады. Сонымен қатар, «Респондент кабинетінде» қосымшаның іске қосылғаны туралы хабарландыру жарияланды.

–        Халық – мемлекеттің басты құндылығы. Оның санағын жүргізу – аса жауапты міндеттердің бірі. Алдағы халық санағы қашан және қалай жүргізіледі деп күтілуде?

–        Мемлекетімізде алдағы халық санағы жоспар бойынша 2020 жылдың қазанына жоспарлануда. Халық санағында негізінен электрондық құралдар пайдаланылмақ. «Интернет-портал» құрылып, ол порталда халықтың белгілі бір бөлігі өздері мәліметтерін ұсына алады. Сонымен қатар, сауалнама арқылы да ақпараттар жиналып, планшетке енгізіледі. Ол бірден мәліметтер базасына түсіп, тексеріліп, өңделеді. Аудан тұрғындарының саны 300 мыңға жуық болғандықтан, халық санағына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты Электронды шаруашылық есеп кітаптарындағы тұрғындар туралы, тұрғын үй қоры РЖФ туралы  мәліметтерді толықтыру, аумақтық код (КАТО) арқылы әр ауылдық округтегі шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің тіркелуін анықтап, түзетулер жүргізіліп жатыр. Тағы бір маңызды мәселе Тұрғын үй тіркелімі (РЖФ) бойынша ауылдық округ әкімшілігі базасына енгізілмеген үйлер Халық санағында есепке алынбай қалады. Себебі, тұрғын үй қорындағы мәліметтер электронды картаға енгізіледі. Сондай-ақ, жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйлер де дер кезінде базаға енгізіліп отыруы қажет.

– Сұхбатыңызға рахмет! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Сұхбаттасқан Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 1900 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Хобби ермек пе, еңбек пе? Cчастье – это когда… »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет