Бейсенбі, 09 Қараша 2023 16:34

Жұлдыздар жауған жыл

Мүгедек  жандардың кез-келген кәсіп түрімен айналысуға мүмкіндігі шектеулі. Ал қолынан келген істі жасау – олар үшін үлкен ерлікпен пара-пар.

Осы орайда өзінің мүмкіндігі шектеулігіне қарамастан, ер мінезді, бастаған ісін соңына дейін жеткізетін, замандастарына  үлгі бола алатын халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қайназар ауылының тумасы Жұлдыз Қайнарова туралы айтқым келеді. Жұлдыз 1990 жылы дүниге келген.  1994 жылдан екі көзіне ота жасалынып, алып тасталынып, 1 топтағы мүгедектік берілді.

Денсаулығым жоқ, тағдырға не жаздым деп отырып алмай, қиындықтармен  күресе білген қайсар қыз екі мамандықтың иесі. Республикалық медицина колледжін қызыл дипломға,   Қазақ спорт және туризм Академиясын бітірген. 2013 жылдан  бастап жеңіл атлетикамен (ұзындыққа секіру, жүгіру), тоғызқұмалақпен  айналысып, бірталай жарыстарда жеңіске жеткен. 2021 жылдан бастап паравелоспорт түрімен айналыса бастады.  2023 жыл Жұлдыз қызымызға жұлдыздар жауған жыл болды. Талдықорған қаласында өткен Қазақстан чемпионатында топтық және бөлек жарыста бірінші орынды, Тайландта өткен Азия чемпионатының қола жүлдені, Қытайда өткен Азия Паралимпиадасында жүлделі 4 орынды  жеңіп алды. Бір-екі жылда мұндай нәтижеге жету – үлкен жетістік, оның артында қаншама тер, қайсарлық, табандылық, спортқа деген сүйіспеншілік  тұр. Көбіне жылдар бойы дайындықта болған жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан  спортшылардың біразы  ғана аталған жетістіктерге жетеді.Соған қарағанда Жұлдыздың жетістіктері ерлікпен пара-пар.  Жұлдыз спорт әлемінде еліміздің даңқын  шығарумен қатар, жанұя құрып, сегіз жасар қызы – Сезімді тәрбиелеп, спорт тізгіні мен жанұя тізгінін қатар ұстап отырған асыл жар, аяулы ана.

Жұлдыз қызымызға алда алар шыңдарың биік, жұлдызың жарық  болсын демекпіз.

Д.МҰҢАЛБАЕВА,

Рахат  ауылдық округі  әкімінің орынбасары.

Оқылды 733 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет