Бейсенбі, 09 Қараша 2023 15:45

Көне жәдігерлерге толы көрме

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында көрме ашылды.

Көрменің ашылу салтанатында «Есік» музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова сөз сөйлеп, Ежелгі өркениетімізден сыр шертетін  көрме ұсынған әріптестеріне алғысын білдіріп, еліміздің тарихи-мәдени мұраларын дәріптеуде бұл көрменің маңызы ерекше екенін атап өтті.

Көне жәдіргерлерге толы көрменің делегациясын бастап келген «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов екі музей арасындағы әріптестік байланыстардың нығайып келе жатқанына тоқталды. Жангелді Меңлібайұлы киелі Отырар өңірінің тарихи-мәдени мұраларының кеңінен насихатталуына мән беріп, музейтану, археология саласындағы нәтижелі жұмыстар жүйелі жалғасатынын айтты.

«Көне Отырарды зерттеу, ғылыми саралау – сонау ортағасырлық саяхатшылар мен тарихшылардан бері жалғасып келеді. Бүгінде Отырар әлемдік ескерткіш болып ЮНЕСКО тарапынан мойындалды. Қазір Отырар өңірін ғылыми зерттеу жұмыстары Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы жүргізіп жатқан қазба жұмыстарымен жалғасып келеді» – деді Жангелді Махашов.

Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанатында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уни-верситеті тарих факультетінің деканы, профессор  Досбол Байқонақов сөз сөйлеп, университет ғалымдары еліміздегі музей мамандарымен бірлескен ғылыми жобаларды іске асырып отырғанын атап өтті.Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, көрмеге ерекше атмосфера сыйлады.

Көрменің салтанатты ашылуында директор Гүлмира Райылқызы «Есік» музей-қорығымен белсенді әріптестік орнатқан «Отырар» музей-қорығының қызметкерлері, мектеп мұғалімдерін арнайы марапаттады. «Отырар» музейінің экскурсоводы Ерлан Әскерини көрмеге келушілерге құнды көне жәдігер – Отырар қазынасын таныстырды.

Көрме «Ұлы Жібек жолы және Отырар Х-ХІ ғғ», «Отырар Қарахан дәуірінде», «ХІV-ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар», «ХVІ-ХVІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында», «Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы»  тақырыптарын қамтыған.Көрмеде «Отырар» музей-қорығы қоры жинағындағы археологиялық жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар  ұсынылды. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбындағы көрмесі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында биылғы жылдың соңына дейін ашық болады.                              

Е.АСЫЛ.

Оқылды 624 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет