Бейсенбі, 12 Қазан 2023 12:12

Ғалым да, кенші де бас иетін...

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Иә, ғалым да, кенші де бас иген ұлағат иелерінің ұлт мүддесі жолында атқарып жүрген еңбегі ұшан-теңіз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қандай да бір жетістікке жету үшін білім керек. Ал сол білімнің қайнар көзі – ұстаздар қауымы. Ақырын жүріп, анық басып, бойындағы барлық ізгілікті сабырлы мінезімен, салиқалы, салмақты ақылымен шәкірттің санасына сіңіре білген мұғалімдердің төл мерекесі Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде аталып өтті.

Шараға аудан әкімі Алтай Досумбаев, мәслихат төрағасы Бекет Ахметов қатысып, ұлағат иелерінің қуанышымен бөлісті, ізгі тілектерін арнады.

– Ұстаз – мектептің жүрегі. Баланың бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға. Сондықтан, Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» болуы тиіс.  Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл педагогтердің кәсіби мейрамы ресми түрде  бекітіліп,  халықаралық мұғалімдер күні 5 қазанға белгіленді. «Бала жанының бағбаны» атанған ұстаздарымызға деген құрметіміз ерекше. Бүгінгі мереке күні сіздерге зор денсаулық, бақыт, сарқылмас күш-қуат, білім шыңына шығармашылықпен өрлей берулеріңізге тілектеспін! Білімді және саналы шәкірттеріңіз көп болсын! Жоғары кәсіпқойлықты, зор рухани күшті, даналықты, шыдамдылықты және адалдықты талап ететін игілікті еңбектеріңіз қоғамда лайықты құрметке ие. Келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, елі мен жерін сүйетін, ұлтқа қызмет ететін адал азамат ретінде қалыптастыру – баршамызға жүктелген үлкен міндет. Осы қасиетті де қастерлі міндетті орындауда жетекші рөл атқарып, ауданымыздың білім беру саласын дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқан ұстаздарға, ардагерлерге ерекше алғыс айтамын! – деп, ақжарма тілегін жеткізген аудан басшысы Алтай Машикұлы білім саласындағы жағымды жаңалықтарға тоқталды. 

Биылғы жылдың жағымды жаңалықтардың бірі – оқу-ағарту министрлігінің білім саласында 30 жылдан астам еңбек еткен ұстаздарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттау жөніндегі шеші-мі. Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады, осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасымен  биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 10 мыңға жуық оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан 17 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап балабақша педагогтарының жалақысы 30 пайызға көтерілді. Бұл да педагогтің  өмір сүру жағдайларын жақсарту және оның әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мұғалімінің беделін арттыру мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан игі істерінің бірегейі деп айтуға болады.

Білім беру саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биылғы оқу жылы  Есік қаласында 1500 орындық  орта мектеп-лицейі ашылса, инвесторларды тарту арқылы 900 орындық 3 мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ,  «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша 4 мектептің, 2024 жылы 7  мектептің құрылысы басталып, 2025 оқу жылында қолданысқа берілмек.Ауданда мектебі жоқ елді мекендерден 5 643 оқушы тегін тасымалданады.  Шалғай ауылдардағы демографиялық, миграциялық дамуға байланысты, тасымалданатын оқушылар саны да жылдан-жылға өсуде. Осы мәселені шешу мақсатында облыс әкімі ауданымызға 36 орындық заманауи 5 автобус  сыйға тартты.

Мерекелік шара барысында Алтай Досумбаев жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін бірқатар мектеп пен балабақша ұстаздарын аудан әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар оқу-тәрбие жүйесінде жоғары деңгейде өзінің іс-тәжірибесі мен шығармашылық еңбегін көрсеткен Рахат №1 орта мектебі «Үздік мектеп-2023», «Келешек» бөбекжай-балабақшасы «Үздік балабақша-2023» номинацияларымен марапатталды.

«Жылдың үздік мұғалімі-2023» аудандық байқауының жеңімпазы – Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Данияр Туғанбаевқа, облыстық «Үздік сынып жетекшісі-2023» байқауының жеңімпазы – Балтабай орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Виктор Барматовқа марапаттар тапсырылды.

Шара барысында бірқатар ұстаздар қауымы облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, еңбек ұжымдары Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

«Алматы кітап» баспасының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында өткен республикалық байқауда І орын алған Төле би атындағы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Бақытжан Ибрашевқа Құрмет грамотасы және ақшалай сыйақы табысталды.

Түрлі марапаттарға ие болып, мерекеде мерейі тасыған ұлағат иелерінің құрметіне эстрада жұлдызы Бақыт Шадаева мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әуелете ән салып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 614 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет