Бейсенбі, 17 Қараша 2022 09:48

Шекарашылар ант қабылдады

Бүгін ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сапына алынған «Күз-2022» шақырылымының сарбаздары Отан алдында Ант қабылдады. Аталған департаменттің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өткен рәсімге 500-ге тарта сарбаз бен олардың алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туған-туыстары мен достары қатысты.

Жылдағы дәстүрге сай, биылғы рәсімге де сарбаздар үлкен дайындықпен келді. Мұнда әскери өмірдің әліппесімен танысып, саптық дайындықтарын шыңдаған соң, ер азаматтардың өмірінде бір-ақ рет болатын маңызды оқиға – Отанына адал қызмет етуге ант беретін сәт те туды.

Ағымдағы жылдың күзінде әскер сапына шақырылған сарбаздардың арасында әскерден кейін Шекара қызметінде қалып, әскери қызметін келісімшарт негізінде жалғастырғысы келетіндер аз емес. Ант қабылдаушылардың арасынан ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсіп, болашақтарын ел шебімен байланыстырғысы келетін сарбаздарды да аз кездестірген жоқпыз.

...Таңғы 10.00-ге белгіленген рәсім ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Әлібек Каюповтың бұйрығымен ашылып, салтанатты саптың қатарынан Жауынгерлік Туды көтеруші топ орын алған соң еліміздің Әнұраны орындалды. Осыдан кейін жас сарбаздар ант қабылдауға кірісті.

«...Мен, қатардағы жауынгер...» деп басталатын Ант мәтіні әрбір сарбаздың аузынан жалын болып шығып жатты. Бұл – олардың бүгіннен бастап, нағыз шекарашыға айналғандарын білдіріп тұрған болатын. Ең бастысы, бүгін өздеріне артылған сенімге селкеу түсірмеуге сөз берген шекарашылар үшін ертеңнен бастап, шекара басқармасының далалық оқу орталығында көрсетілімдер мен дәрістер басталады. Мұнда олар ҰҚК Шекара қызметінің қолданысындағы барлық қару түрлерімен танысып, өздерінің әскери шеберліктерін шыңдауға кіріседі.

...Бүгінгідей айтулы шараға ата-аналармен бірге Шекара қызметінің ардагерлері де қатысып, жас сарбаздардың алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі. Шекараның шетіне жаудың табанын тигізбеу үшін «күн отырмаған, түн ұйықтамаған» Тоныкөк бастаған батыр бабаларымыздың ізбасарлары – шекарашылар екенін айта келіп, «Отан қорғаушы» деген қастерлі мамандыққа сызат түсірмеуге шақырды.  

Маңызды шараның соңында шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының сайыпқырандары қалың жұртшылықтың назарына шекара бұзушыларды құрықтау операциясынан сахналық көрсетілім ұсынды. Сондай-ақ, сайдың тасындай іріктелген әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыстан тамаша өнер көрсетті.

Бүгінгі ант қабылдау рәсімін салтанатты сапқа тұрған шекарашылар «Мен қазақпын» атты патриоттық рухтағы тамаша әнмен аяқтады.

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі.   

Оқылды 464 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет