Сейсенбі, 15 Қараша 2022 15:05

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Алматы қаласында болды

Онда ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны кандидаттың Алматы қаласындағы штабы ұйымдастырды. Қатысушылар қатарында құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері, сенімді өкілдер мен қоғам қайраткерлері бар.

Тараптар сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады.

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықаралық рейтингінде Қазақстан төменгі қатарда тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 180 елінің арасында 102-ші орында болды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі сайлаушылармен кездесулерде Мейрам Қажыкен атақ-даңқына, кім екеніне қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  қатаң жүргізуге ниетті екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Жиында кандидат парақорлықтың, пара берудің, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдаланудың алдын алу бойынша мәселелер көтерілді. Үміткер нақты заңдар мен ережелер қуатты болмаса құқықтық мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты.

«Қатаң заңдар қажет. Және олар өз күшінде орындалуы керек. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері әр адамның сана сезіміне, мәдениетіне байланысты. Оны  жеңу де дәл солай. Тек репрессия арқылы сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Халыққа есеп беретін мықты ашық азаматтық қоғам қажет. Яғни, мықты азаматтық қоғам, тәуелсіз кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы және басқа да көптеген ұйымдардың күші бірігу керек. Сонда адамдар мемлекеттің келісім-шарттарын, бюджетті, жер учаскелерін бөлу, т.б. әрекеттерді бақылай алады», – деді М.Қажыкен.

Әңгіме барысында кандидат: «Өкінішке қарай, бізде азаматтық қоғам жоқ», – деп қосты. Ол тығырықтан шығудың бір жолы ретінде кәсіпкерлер үлесінің ұлғаюын және мемлекеттің экономикаға қатысын барынша азайту деп санайды.

«Мемлекет үлесін қалай қысқартуға болады? Мемлекеттік органдарды көптеген міндеттерден алшақтату қажет. Бизнестің өзі-ақ шешім қабылдай алады», – деп түсіндірді М.Қажыкен.

Қорытындылай келе, тараптар сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алуға нақты, нәтижелі бастамалар қажет деген ортақ пікірге келді. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар заңнама, сот және құқық қорғау жүйелері секілді үш негізгі бағытқа шоғырландырылуы тиіс.

 

Штабтың баспасөз қызметі.

Оқылды 287 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет