Бейсенбі, 10 Қараша 2022 16:35

Салтанат Тұрсынбекова: «Мен әйелдерге арналған квоталармен мүлде келіспеймін»

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен және заңгерлермен кездесу өткізді.  Онда ол елдегі басшылық қызметтегі әйелдердің құзыреттілігі төмен екенін айтты.

«Қазақстандағы басшылық лауазымдардағы гендерлік өкілдіктің жағдайы аса мәз емес.  Әйелдер ел халқының басым бөлігін құраса да, басшылық қызметтегі әйелдер саны өте аз. Құзыреттілік жоқтығынан әйелдердің пікірі ескерілмейді», деді ол.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының халқы 19 миллион адамды құрайды, оның 52 пайызы – әйелдер.  2020 жылғы есепке сәйкес, елімізде жұмыс істейтін әрбір екінші әйелдің (47,3%) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болды. Жоғары білімді жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі не бәрі 38,1% құрайды.

«Біздің елде әйелдер көп, олардың арасында білімдісі де көп.  Бірақ басшылық қызметтерде көзге көрінетін теңгерімсіздік бар. Оған мына жағдайларды мысал ретінде алуға болады: қазір бізде облыс немесе республикалық маңызы бар қаланың бірде-бір әйел әкімі жоқ.  Тек екі әйел министр бар. Содан кейін олар әдеттегідей әйелдер ғана басқаратын – денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау салалары.  Парламенттегі әйелдердің саны үштен біріне де жетпейді», дейді ол.

Сондай-ақ спикер партиялық тізімдерге әйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайызы кіруі керек деген квота туралы да айтты.

«Бүгінде заңнамада әйелдер құқығын шектейтін белгілі бір 30%-дық квоталар қарастырылған. Мен бұл квоталармен мүлде келіспеймін. Басқа ешбір елде мұндай нәрсе іс жүзінде жасалып жатқан жоқ. Бұл 30%-дық норма болатындай қандай да бір өнім емес қой. Мен әйелде ер азаматтар істейтін барлық лауазымдарда қызмет етуі керек деп есептеймін. Құзыреттілік тең болуы керек! Егер бізде халықтың 52 пайызы әйелдер болса, Парламенттегі, квазимемлекеттіксектордағы, кез келген саладағы әйелдердің үлесі кем дегенде 50 пайыз болуы тиіс. Мен өз бағдарламамда гендерлік теңдік туралы да айтып жүрмін», – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Еске алайық, Қостанай облысы – кандидаттың сайлау алдындағы үгіт-насихат сапары аясындағы жетінші өңір.  Мұнда ол №4. Емхананың дәрігерлерімен кездесу өткізді.  Құқық қорғаушы бұған дейін елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында болған.

Оқылды 293 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет