Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2022 11:27

Басты міндет — халыққа қызмет

12 қыркүйекте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев орынбасарлары мен басқарма басшыларын ертіп, Шелек ауылына іс-сапармен ат басын тіреді. Мәдениет үйінде ауданымыздың Шелек өңіріндегі 11 ауылдық округі әкімдерінің басын қосып, ондағы әлеуметтік-экономикалық қордаланған мәселелерді әкімдердің өз аузынан тыңдап, оларды шешу жолдары талқыланды. 

Негізгі айтылғаны: мектептер мен дәрігерлік амбулаториялардың ескіріп, күрделі жөндеуді қажет ететіні, ауыл шаруашылығының дамуының қайнар көзі – су тапшылығы, тағы басқа да  мәселелер болды.

Әкімдерді тыңдап болған облыс әкімі оқу, емдеу орындарын жаңарту жұмыстары бойынша тиісті құжаттары дайындалып, шетінен атқарылатынын айта келе: «Мен сіздерден жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамту, жайылым жер, игерілмей бос жатқан жерлерді пайдаға асыру, егіс суару туралы ұтымды ойларын айта ма деп едім. Тек Масақ округінің әкімі тамшылатып суару мәселесі туралы сөз қозғағаны болмаса. Ауыл шаруашылығын дамыту – бүгінгі басты мәселенің біріне айналуда. Мына көрші Ұйғыр ауданы ағын суды тоспа жасау арқылы жинап, пайдалануды қолға алыпты. Міне, сондай тиімді мәселелерді қарастыру керек. Жергілікті бизнесті дамытуға, жер мәселелерін қайта қарап, халыққа тірлік жасайтын жағдай жасау керек», – деп жиынды қорытындылады. Аудан әкімі Алтай Досымбаев жиында айтылған барлық мәселелер бойынша жұмыстармен айналысып жатқанын жеткізді.

Одан кейін облыс әкімі Шелек ауылындағы А.Розыбақиев атындағы мектептің жағдайымен танысты. Ауылдың солтүстік-шығыс жағындағы индустриялық аймақ құру жағдайымен танысып, ондағы ет өңдеу комбинатын салуға арналған жер телімін көріп, әкімге бірқатар нұсқаулар берді. Келесіде ауылдың ортасындағы «Роща» саябағындағы құрылыс жұмысы жүріп жатқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенін аралап көрді. Сондай-ақ, ол ауылдан тұрмыстық қызмет көрсету орнын ашуға ыңғайлы жер қарап, басқа да өз ұсыныстарын айтты.

Шелек өңіріндегі іс-сапарын М.Сұлтанғазиев Масақ округіне қарасты Нұрлы ауылындағы Бұғыты жазығынан 37,4 млрд теңге қаржыға салынған 60 МВт қуат беретін 24 жел электр станциясының ашылу рәсімін өткізуге барды. Бұл жел электр станциясының әрқайсысының номиналды күші 2,5 МВт. Бұдан басқа оның инфрақұрылымына сәйкес подстанция орнатылған. Жел станциялары GoldWind компаниясының әлемдегі озық саналатын жабдықтарымен салынған. Алдағы уақытта бұның қуаты 300 МВт-қа дейін кеңейтуге мүмкіндік алып, Қазақстанның шығыс өңірін таза электр қуатымен қамтамасыз етеді екен. «Энергия Семиречья» ЖШС компаниясының басшыларымен кездесіп, меморандумға қол қойып, оның ел игілігі үшін  ашылу рәсімін жасады.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 570 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет