Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2022 10:48

Аграрлы ауданның әлеуеті зор

Өткен аптада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданымызда болып, кәсіпкерлермен және шаруалармен жүздесіп, осы саладағы өзекті мәселелермен танысты. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көпшілік назарына ұсынды. Ауданымыздағы өндіріс орындарын аралап, оң бағасын берді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы жайлы сөз қозғағанда қант мәселесі еріксіз ойға оралады. Қазақстандықтардың наразылығын тудырған тәтті өнімнің тапшылығы сейілгендей болды. Десек те, қордаланған мәселе толықтай шешілген жоқ. Бұл мақсатта үкімет шұғыл шара қабылдап, отандық өндірушілерге жағдай жасауда. Бұл туралы жиын барысында Серік Жұманғарин баяндама жасады.

– Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырды. Бүгінгі мақсат – осы тұжырымдама аясында өздеріңізбен жүздесіп, пікір алмасу. Бүгінгі таңда еліміздегі сауда саясатында бірқатар өзгерістер орын алуда. Бірінші халық арасында дүрбелең тудырған қант мәселесіне кеңінен тоқталуды жөн санадым. Бір кездері елімізде қант тапшылығы туындап, бағасы шарықтап кетті. Оның негізгі себебі, сырттан келген фактор – Ресей өзінің экспортын жауып тастады, яғни, көрші елден қант жеткізу тоқтатылды. Еліміздегі қант өндіретін зауыттарда да біраз қиындықтар болды. Ендігі кезекте бұл мәселені түбегейлі шешуді қолға алдық. Қазіргі уақытта бір айда қазақстандықтар 45-50 мың тонна қант тұтынады. Бір жылға қажет 540 мың тонна қанттың 230 мың тоннасы қарапайым халыққа қажет болса, 230 мың тоннасы сусын шығаруға, 80 мың тоннасы кондитерлік өнімдерге қолданылады. Еліміздегі өндірушілерге ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету үшін қаражат керек. Оларға 25 млрд теңгені біз бөлеміз, 12,5 млрд теңгені трейлерлар береді. Қазіргі уақытта зауыттың шоттары ашылды. Осы жылы қанттың бағасы тұрақталады, болашақта бір килограмы 460 теңгеден аспайтын болады. Жоспарларымыз жүзеге асатын болса отандық өндірушілерді қолдау үшін импортты жауып тастаймыз, яғни, ішкі қажеттілікті отандық өндірушілер қамтамасыз ететін болады, – деді Серік Мақашұлы. Сонымен қатар, келешекте елімізде қант өндірудің жол картасы жүзеге асатынын айтты.

Баяндама барысында вице-премьер картоп пен сәбіз мәселесіне де кеңінен тоқталып өтті. Аталған ауыл шаруашылығы өнімдері негізінен Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарында өсіріледі. Жақында министрлік ең ірі 20 өндірушілермен кездесіп, баға тұрақтылығын талқылаған. Өнім бағасын килограмын 120-130 теңгеден асырмау үшін өндірушілерге тыңайтқыш сатып алуға 4 млрд теңге қажет көрінеді. Бұл мәселе де оң шешімін тапты, алдағы уақытта министрлік тыңайтқыш алып беруге қол ұшын созады. Сонымен қатар, өнімдерді тасымалдауға да жеңілдіктер жасалатын болады. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, темір жол арқылы азық-түлік өндірушілердің өнімдерін тасымалдауға 50 пайыздық жеңілдік жасалады. Қажет болса қосымша вагондар да қарастырылатын болады.

Сүт тауарларын өндірушілерінің де мәселесі министрдің назарынан тыс қалмады.

– Жаз мезгілінде сүт тауарларын өндірушілерде ешқандай қиындық туындамайды, сүт жеткізетін адамдар көп. Күз, қыс уақытында жағдайлары күрделенеді, сондықтан олар шикі сүтті (сухое молоко) пайдаланады. Оны сатып алу үшін де қаража қажет 1 млрд 130 млн теңге көлемінде. Осы қаражатты берсеңіздер бағаны тұрақтандырамыз дейді. Аталған қаражатты да біз бюджеттен бөлеміз. Осылайша, отандық азық-түлік өндірушілерге шикізат сатып алуға барынша қолдау көрсетеміз. Бұл өз кезегінде бағаны тұрақтандыруға тікелей әсер етеді. Әрине, бағаның тұрақтылығына тек шикізат әсер етпейді. Сырттан келетін құрал-жабдықтар, техника мен оның бөлшектері, коммуналдық қызметтердің бағасы тағы бар. Бірақ министрлік бағаның тұрақты болуы үшін барлық жағдай жасайтын болады, – дейді Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің айтуынша, жақын арада Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерімен көктемде көкөністер сатып алу үшін келіссөздер жүргізілетін болады. Сондай-ақ, бағаның негізсіз көтерілу фактілері орын алмайды. Бұл жағдайды министрлік қатаң бақылауға алады.

Келесі кезекте Серік Мақашұлы жиынға қатысушылардың сауалдарына жауап берді. «Ауданымыз алма өсіруге қолайлы мекен. Десек те, күз мезгілінде шаруалар өнімдерін 200 теңгеге сата алмай қалады. Ал дүкендерде алмалар екі-үш есе қымбат бағамен саудалануда. Осыны ретке келтіруге болады ма?» деген аудандық мәслихат депутатының сауалына Серік Жұманғарин министрлік көмек қолын созуға дайын екендігін айтты. Ол үшін ірілі-ұсақ шаруалар бірлесуі керек. Үлкен көлемде жеміс сақтайтын қойма салуға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, ауыл шаруашылығы, көлік логистикасы жайлы сауалдарға вице-премьер мен Марат Сұлтанғазиев жауап берді.

Кездесуден кейін Серік Жұманғарин мен облыс басшысы ауданымызда орналасқан ірі кәсіпорындарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Алғашқы болып «UNIFRUIT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алма бағына, жеміс сақтау қоймасына ат басын бұрды. Серіктестік басшысы Ерік Мұсақұловтың айтуынша, 2016 жылы 100 гектар алқапқа интенсивті алма және шие көшеттері отырғызылған. Бүгінде бақ жемісін беруде. Екі бірдей жеміс сақтау қоймасында 4 200 тонна алма сақталады. Жылына 5 000 тонна жеміс өндіріледі. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен, 300 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Заманауи технологиямен жасақталған алма бағы мен сақтау қоймасын көрген Серік Мақашұлы оң бағасын берді.

«ПЛОДО» ЖШС бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінен томат өнімдерін, алма және өрік езіндісін шығарумен айналысады. Ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан серіктестіктің 200 гектар алқабында өрік, 400 гектарда қызанақ өсіріледі. 200 гактар алма бағы бар. 84 адам тұрақты еңбек етеді. Жиын-терім маусымында 200-ге жуық жұмыс күші тартылады. Зауытта тәулігіне 900 тоннаға жуық өнім өндіріледі.

Ауданымыздағы ең ірі өндіріс орындарының бірі – «Адал» АҚ АӨК сүт тауарларын өндіреді. Министр мен облыс әкімі агроөнеркәсіп кешенінің сүт зауытының жұмысымен танысты. Директоры Серік Смайыловтың сөзінше, сүт зауыты 2000 жылы іске қосылған. Зауыт алдыңғы қатарлы технологиямен толықтай жарақталған, әкелінген сүт дайын өнімге айналғанша автоматтандырылған құрылғыдан өтеді. Тәулігіне 150 тонна түрлі сүт тағамдары өндіріледі. 620 адам тұрақты жұмыс істейді.

Ауданымыздағы ірі кәсіпорындардың әлеуетімен танысып, басшылықпен, қарапайым жұмысшылармен тілдескен Серік Жұманғарин аграрлы ауданымыздың келешегі кемел боларына сенім білдірді.

Сардарбек НҰРАДИН.

Оқылды 642 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет