Жұма, 02 Қыркүйек 2022 14:44

Кәсіпкерлер қазақы брендті дамытуда

Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуды қолдауға көп көңіл бөліп келеді. Осылайша, "Бизнес Бастау" бағдарламасының арқасында адамдар өз армандарын жүзеге асыруда.

«Бизнес Бастау» грантының иегерлерінің бірі Іле ауданы Ақши ауылының тұрғыны Ақерке Шайменова.

Ақерке өз жобасын қорғап, 1225 200 теңге сомасында грант ұтып алып, ол өз ісін ашу үшін 3 сиыр мен 2 бұзау сатып алған. Қазіргі таңда ол құрт-май өнімдерін жергілікті халыққа сатып, отбасын қамтамасыз етіп отыр.

Ақеркенің қолынан шыққан бұл өнімдер сұранысқа ие. Себебі, құрамында химиялық қоспалар жоқ, табиғи шикізаттан дайындалады. Алдағы таңда дәл осы қарқынын жоғалтпай өндірісті ұлғайтып, біртіндеп үлкен нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

«Бастау» жобасы кәсіпкерлікті дамытуға қуатты серпін береді. Оның арқасында мен көптен армандаған бизнес-идеямды жүзеге асыра алдым. Енді еңбек етіп, өз ісімді одан әрі дамытамын, — дейді Ақерке Шайменова.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы саласымен қатар аталмыш жоба басқа бағыттарды да қамтуда.

Мысалы, Қарасай ауданының Райымбек ауылынан келген көпбалалы әке Бағай Кәмелбек ұлттық нақышта бұйымдар (домбыра, астау, кәдесыйлар) жасау цехын ашты.

Мен  Қарасай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жаңа бизнес-идеямды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға жүгіндім. 2022 жылдың сәуір айында цех ашу үшін жабдықтар сатып алуға 1 225 200 теңге көлемінде грант ұтып алдым. Үкіметтің қолдауының арқасында көкейде жүрген істі жүзеге асырып отырмын. Мемлекеттің бізге жәрдемдескеніне өте қуаныштымын, — деп атап өтті Бағай Кәмелбек.

Дереккөз: kazbusiness.kz

Оқылды 422 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет