Бейсенбі, 04 Тамыз 2022 10:09

Еңбекшіқазақ ауданындағы еңбегі жанған Мәншүк

Жаңғақ ағашын өндіріске енгізіп, жеке шаруашылыққа айналдыру бастамасы Алматы облысында 2017 жылдан жүзеге аса бастады. Қазақстандағы жаңғақ және жеміс, жүзім өсірушілер ассоциациясының бастамасымен жаңғақтың отаны саналатын Венгрия, Румыния, Италиядан көшеттер әкелініп, отырғызылған.

Жаңғақ өсіруге топырағы құнарлы әрі қолайлы өңір ретінде Түрген ауылы таңдап алынған еді. Содан бергі 5 жыл ішінде Мәншүк Жексембекова жетекшілік ететін шаруа қожалығында грек жаңғағы мен бадам, фундук жемістерінің көшеттері көбейтіліп, өткен жылдан бастап алғашқы өнімін бере бастады.

Шаруа қожалығының жетекшісі Мәншүк Абыханқызы ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге, оны асылдандыруға айрықша назар аударады. Ғылым мен еңбекті ұштастыру нәтижесінде ол «Дива», «Умай» атты жаңа бидай сорттарын өсіріп, мол өнім ала бастайды. Ғылыми жобаларды жетілдіру мақсатында Орта Азия елдерінде сирек кездесетін грек жаңғағын өсіруге бет бұрады.

5 жыл бұрын елімізде алғаш рет грек жаңғағының көшеттерін өсіруді қолға алып, Италиямен бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Экспериментке алынған 50-ден аса сорттан іріктелген фундуктың – 3, грек жаңғағының – 3 және бадамның 2 сорты жерсінді. Жеміс бергенге дейін айрықша күтім мен табандылықты қажет ететін бұл өнім түрлерін өсіре алатынымызға көз жеткіздік. Алғашқы өнім қазіргі уақытта арнайы лабораториялық сараптамадан өтуде, – дейді Мәншүк Жексембекова.

Ауыл шаруашылығын субсидияландыру тізімінде жоқ бұл өнім түрін өсіруде үкіметтен ешқандай қолдау таппай отырғаны жаңғақ өсіруге ниетті шаруа қожалықтарын қынжылтуда. Сондықтан қазақстандық фермерлер мұндай сирек кездесетін әрі сұранысқа ие құнды жемісті өсіруде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуін сұрайды.

Нарықта бағасы аспандап тұрған грек жаңғағы мен бадам, фундук жемісін үзбей жыл сайын беретінімен ерекшеленеді. Алынған өнімді сақтау мен сатуда да аса қиындық болмайтыны зерттелген.

Мәншүк Абыханқызының айтуынша, әр гектарға 625 түп көшет отырғызып, одан 4 тоннаға дейін өнім алуға болады. Бұл жеміс ағаштары кемінде 35 жыл үздіксіз өнім беретін көрінеді. Яғни, ауыл шаруашылығындағы бұл жаңашылдық – табыстың қайнар көзі саналады. Түрген шаруашылығын түрлендіріп тұрған бұл жеміс ағаштарына қазірдің өзінде алыс-жақын шетел фермерлерінен сұраныс артып келеді.

 

Дереккөз: Baribar.kz

Оқылды 5600 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Еңбегі бардың өнбегі бар ДОСТОЙНЫЙ СЫН СВОЕГО НАРОДА »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет