Бейсенбі, 28 Шілде 2022 14:47

Құрылыс сапасы партия назарында

Азаматтарды баспанамен қаматамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Сол себепті жыл сайын тұрғын үй салу жұмыстары қарқын алуда. Ал оның сапасын, құрылыс барысын бақылау жүйелі жүргізілуде. Осы орайда, «AMANAT» партиясының желілік кестесіне сәйкес Есік қаласында құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлерге мониторинг жасалды. Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асыл Байтулақов, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелері Бағдат Рахимов пен Айжан Әбіт, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Аян Ыдырысов көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Аудан орталығында 60 пәтерлі екі тұрғын үй салынуда, мердігер «Капстройгрупп» ЖШС. Жалпы құны 1,5 млрд теңгеден астам тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Электр, кәріз, су желілері жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 100-ге жуық адам еңбек етеді. Десек те, келісім шартта аяқталуы ағымдағы жылдың 30 маусымы деп көрсетілген.

– Бүгінгі таңда үйдің құрылысына жауапты мердігер компания  тарапынан ақтап, сырлау жұмыстары қалды – дейді «Капстройгрупп» ЖШС-нің өндірістік директоры Бақытбек Келімбетов. Айтуынша, инфрақұрылым мен инженерлік желілерді жүргізу басқа мердігер мекеменің құзырында.

Тұрғын үйді аралаған мониторингтік  топ құрылыстың сапасын көріп, құрылысшылармен кездесті. Асыл Байтулақовтың  айтуынша, бөлмелердің биіктігі көңілге қонбайды, екі жарым метр шамасында. Жоба бойынша осылай бекітілгендіктен, мердігер оны өзгерте алмайтынын айтты Б.Келімбетов.  Айта кетейік, осындай жоба Шелек ауылында да жүзеге асуда. Құны 750 млн теңге  болатын тұрғын үй құрылысын «Асан М Компани» ЖШС жүргізуде.

 

Сардарбек НҰРАДИН

 

 

Оқылды 922 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет