Сәрсенбі, 27 Шілде 2022 15:43

Өзекті мәселелер оң шешімін таппақ

Өткен аптада аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Досымбаев Асы, Малыбай, Шелек ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Еркін форматта өткен кездесуде ауыл тұрғындары қордаланған мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді.

Ең әуелі Алтай Досымбаев аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов, өзге де бөлім басышылырымен бірге Асы ауылдық округіне ат басын бұрып, ондағы жұртшылықтың үніне құлақ түрді. Жүздесуде тұрғындарды жұмыспен қамту, ауыл мектептеріндегі білім беру жағдайы, міндетті медициналық сақтандыру жұмыстарын жүргізу, жайлымдық жер мәселесі, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу  сияқты мәселелер төңірегінде сөз қозғалды. Жиында Қайрат  ауылының тұрғыны Оспан Әтейбеков аталған ауылда ескірген  ауызсу құбырын жаңарту қажеттігін айтты. Ал Жаңашаруа  ауылының тұрғыны Секен Таубалдиев жастар саябағын салу  керектігін жеткізді. Кездесу соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Досымбаев тиісті сала басшыларына және ауылдық округ әкіміне жоғарыда аталған мәселелерді шешуге күш салуды тапсырды.

Келесі кезекте Алтай Машикұлы Масақ ауылдық округінде  болып, ондағы жұртшылықты толғандыратын мәселелерді талқыға салды. Ауыл тұрғындары  ауызсу құбырыларын жаңарту мен Нұрлы ауылының ауызсу құбырларын Шелек су құбыры теңгеріміне алу, орталық көшелерді жарықтандыру мен жұқпалы мал ауруларының алдын алу сынды сынды өзекті мәселерді көтерді.

Тұрғындар көтерген өзекті мәселердің біріне ауыл әкімінің орынбасары Руслан Жақабай жауап берді:

– Нұрлы ауылының ауызсу құбырларының құжаттары өндірісте, құжаттар толығымен аяқтаған кезде Шелек су құбырының  теңгеріміне өтеді – деді.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Алатай Досымбаев сапар соңын Шелек ауылдық округімен түйіндеді. Кездесуде тұрғындарға Шелек ауылының  шығысындағы 200 гектар аумаққа жаңа инновациялық  аймақ салынатындығы туралы  айтылды. Алматы облысың инновациялық аймақтарды басқару  компаниясының жауаптылары аталған аумаққа дайын өнімдерді өндіретін кәсіпорындар, сауда  және қызмет көрсету орталықтарының бой көтеріп, мыңнан  астам жұмыс орны ашылатындығын жеткізді. Ал ауыл тұрғындары мүмкіндігі шектеулі жандардың кезексіз ем алуына жағдай  жасау қажеттігін айтты. Шелек ауылдық ауруханасының бас дәрігері Гүлнар Құраметова қойылған сауалардың оң шешім табуына күш салатынын айтты. Жүздесуде Алтай Машикұлы Шелек өңірінің иифрақұрлымдарын жаңалау жоспарға сай, кезең-кезеңімен жүзеге асатынын жеткізді.

Ауылдық округ тұрғындарының өтініш-тілегін мұқият тыңдап  шыққан Алтай Досымбаев: 

– Біздің сапардың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының хал-жағдайын біліп, оларды  толғандыратын көкейкесті мәселелерді ашық талқылап, шешілу  жолын іздеу. Жалпы уақыт озып, адамдардың жайлы өмір сүру салты қалыптасқан сайын жаңа мәселелер алдымыздан шығады.  Бұл – заңдылық. Біз мұның шешілу жолын табуымыз керек.  Бәрінен бұрын, тұрғындардың еңбекқорлығы мен ізденгіштігі шешуші рөл атқаратыны анық. Айтылған өзекті мәселелердің тиісті деңгейде шешімін табуға күш саламыз, – деді.

 

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 634 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет