Бейсенбі, 14 Шілде 2022 14:41

Түрген сайында визит-орталық ашылды

Ауданымыздың туристік әлеуетін арттыру мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Осы мақсатта өткен аптада Түрген сайында «Turgеnsai» визит-орталығы ашылды. Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, «Qazaq Geography» РҚБ басқарма төрағасы Орман Нұрбаев қатысты.

«Тurgensai» – Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы екінші визит-орталық. Әлемдік және заманауи стандарттарға сай жасақталған орталықта туристер ұлттық парктің қызметі туралы барлық ақпараттарға қол жеткізе алады. Түрген сайында орналасқан орталықтан Аюлы сарқырамасына жаяу өтуге болады.

– Ел басшылығы экотуризмді дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі, бұл туралы тиісті тапсырмалар берілді. Алматы өңірінде ұлттық парктер көп, осыған орай өңір экотуризмді дамытудың негізгі бағыты саналады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Алматы кластерінің аумағындағы үш ұлттық паркке келушілер саны оның алдындағы жылдар көрсеткіштерінен асып түсті. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша да ұлттық парктерге келушілер саны артқан. Мұның бәрі экотуризмнің дамып, аталған мәдениеттің халық арасында кеңінен таралып келе жатқанын байқатады, – деді Ералы Тоғжанов.

Орман Нұрбаевтың айтуынша, визит-орталықтар ұйымдасқан демалысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Туристер орталық арқылы қауіпсіз жол, нұсқаулық, тынығатын жерлер туралы толыққанды ақпарат алып, жолға шыға алады. Бұл өз кезегінде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.


Визит-орталықта ақпарат тақтасы, дәрісхана, кәдесыйлар дүкені, тамақтану орны, балалар алаңы мен қоғамдық дәретхана бар. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоларбамен келген аналар үшін де жағдай жасалып, пандус орнатылған. Қысқасы, туристер үшін барлық жағдай жасалған.

Осындай орталықтарды Алтын-Емел және Шарын ұлттық парктерінде де ашу көзделуде. Онда кемпинг пен глампинг аймақтары да жасақталады. Қазіргі таңда ұлттық парктердің аумағында инфрақұрылымдар қолға алынып, навигация, ауызсу бұрқақтары, дәретханалар, көлеңке түсіретін қалқалар қойылған.

 

mezet.kz

Оқылды 530 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет