Бейсенбі, 07 Шілде 2022 11:38

Батыр рухына тағзым

ХVIII ғасырдың ортасында қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан қорғауға қатысқан, қазақ жасағын басқарған Байсейіт батыр Төлесұлын еске алу және өзі іргетасын қалап, өмірінің соңғы 40 жылында шаруашылықпен айналысқан елді мекені Бартоғай ауылдық округінде, Байсейіт ауылына кіре беріс жерде Байсейіт ауылының атауы – ескерткіш-стелланың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Туған елін, жерін басқыншы жаулардан қорғау ісі әр заманда өзекті болып қала бермек. Бұл іс-шараның тарихи, мәдени, тағылымдық және тәрбиелік мәні өте зор.

Ұлытауда өткен Ұлттық Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президен-ті Қ.Тоқаев: «...Бұл тарихи әділдік орнату. Бір кездері ұмытылып кеткен ұлт перзенттерінің есімін қайта жаңғыртуымыз керек. Ел тағдырын айқындаған тарихи оқиғаларға лайықты баға берген жөн. Ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының есімі ардақталды. Тарихи даталар қалпына келтірілді. Осылайша, еліміздің шынайы шежіресі жазылып жатыр. Өткенге әділ баға берілмесе, жарқын болашақтан үміт күту қиын. Мұны терең түсінген абзал» деген еді.

Ескерткіш-стелланың ашылу салтанатын Қазақ радиосының Алматы бөлімшесінің жетекшісі, белгілі айтыскер ақын, журналистерге арналған Президент сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Жағыпарұлы жүргізді. Ашылу салтанатына батырдың ұрпақтары, Шелек өңірінің қадірлі ақсақалдары мен азаматтары, Байсейіт ауылының тұрғындары қатысты. «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев, Байсейіт батырдың ұрпақтары шоғырланған Райымбек ауданынан арнайы келген аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов құттықтау сөз сөйледі.

Батырдың ұрпағы – 30 жылдан бері Байсейіт батырға қатысты өтіп жүрген іс-шаралардың ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы, белгілі журналист, балалар жазушысы, «Балдырған» журналының бас редакторы, Райымбек ауданының Құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Байсейіт батыр ұрпақтарының тарихы мен шежіресі жайлы кітаптың автор-құрастырушысы – Дүйсен Мағлұмов сөйлеп, батырдың өмірі мен жорық жолдары, оның есімін ұлықтау жолында атқарылып жатқан істер мен болашақ жоспарлары туралы айтып берді.

Шелек ауылының тұрғыны, зейнеткер Әбілбек Айтақынов Байсейіт батыр жайлы әңгімелеп, ескерткіш-стелланың орнатылуы жастар тәрбиесіне өте маңызды екеніне тоқталды.

Шелек өңіріндегі қоғам белсендісі, ауданда көрнекті қызметтер атқарған, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Байсейіт батыр туралы зерттеулер жүргізіп, республикалық, облыстық басылымдарға мақала жазған Нұрлан Ердәулетұлы осы өңірдің тарихы жайлы келелі әңгіме қозғады.

Мәдени шараның негізгі бөлімінде құрметті қонақтар, Қуат Байғоджаев, Нұржан Құдайбергенов, батырдың осы өңірде тұратын ұрпағы, белгілі кәсіпкер, фермер Оспан Әтейбеков, Нұрлан Ердәулетұлы, жасы тоқсаннан асқан, Райымбек ауданынан арнайы келген қажы Тұрсын Сопақов, Бартоғай ауылдық округінің әкімі Талғат Өмірбеков стелланың лентасын қиды.

Белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайұлы келелі шараға жырдан шашу шашып, арнау айтты. Мерекелік шара соңы концертке ұласты. «Алатау сазы» ансамблінің сүйемелдеуінде халықаралық конкурстардың лауреаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының солисі, белгілі әнші Аманбай Нұрғалым «Аманат» және тағы бірнеше ән шырқады. Халық арасында «Қойшы бала» атанып кеткен әнші Айдос Кәден бірнеше тамаша ән орындап, көпшіліктің алғысына бөленді.

Шара соңында арнайы келген қонақтарға дастархан жайылып, ас берілді. Байсейіт батырдың рухына құран бағышталды.

 

mezet.kz

Оқылды 475 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет