Дүйсенбі, 27 Маусым 2022 14:08

Тұрақтылыққа тұғыр болғандар

Қоғамның тыныштығын, тәртібін, азаматтардың заңды құқығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет ету – полиция қызметкерлеріне артылған басты борыш. Қиын да күрделі салаға ғұмырын арнаған тәртіп сақшыларына қоғамның да құрметі оң көзқараста болғаны жөн. Биылғы жылы Қазақстан полициясына 30 жыл толуда. Мерейлі 30 жылдың ішінде еліміздің қанатының қатайып, іргесінің нығаюында тәртіп сақшыларының еңбегі ерен деп білеміз. Кез келген уақытта қауіп-қатердің арасында жүретін полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Тұманбай Молағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде аталып өтті.

Шараға қатысушылар мерекенің басында мемлекеттік Гимнді орындап, қызмет барысында қаза болған әріптестерін 1 минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты мерекеде алғашқы құттықтау сөзді алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Бидаев Қазақстан полициясының 30 жылдығымен және кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып: «Биылғы жыл еліміз үшін қайғылы оқиғадан басталғанын баршамыз жақсы білеміз. Халқымыз ауыр сынақты бастан өткерді. Болашақта осындай мемлекетіміздің тұтастығына, азаматтарымыздың жеке басының қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу жолында барымызды салу қажет. Себебі қоғамның бірлігі мен тұрақтылығы – біздің басты құндылығымыз. Бұл мақсатымызды жүзеге асыру полиция қызметкерлерінің қажыр-қайраты мен отансүйгіштігіне тікелей байланысты», – дей келе полиция саласына артылған жауапкершілік пен осы саланың ерліктерін кеңінен баяндады.

Жүрекжарды құттықтауын жеткізген Айбек Дүйсембекұлы өз ісін абыроймен атқарып келе жатқан полиция қызметкерлеріне марапаттар табыстады. Сонымен қатар аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жақсылық Бейқұтұлына «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Айтулы мерекеде сөз алған Полиция ардагерлерінің төрағасы Тілеуғазы Уәлиұлы, 6654 әскери бөлімінің командирі полковник Жандос Жалғасбекұлы құттықтау лебіздерін білдіріп, марапаттарын табыстады.

Қорытынды сөзді алған Жақсылық Бейқұтұлы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының атқарған істері мен алға қойған жоспарларын баяндады. Шені өскен ұжымдастарының марапаттарын табыстап, зейнет жасына шыққан әріптестеріне де арнаулы сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының мерекелік ән шашуларымен жалғасын тапты.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 941 рет

Кескіндер галлереясы

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет