Бейсенбі, 23 Маусым 2022 10:07

Еңбегі зор емдеу саласы

Адам бойындағы сырқаттың шипасын тауып, антына берік болу – ақ халатты жанның басты қасиеті. Адамзат қанша өмір сүрсе, медицина онымен бірге жүреді. Яғни, туғаннан бастап, соңғы деміне дейін дәрігер әрқашан адамның жанында болады. Елімізде маусым айының әр үшінші жексенбісі медицина қызметкерлері күні мерекесі болып белгіленген. Дәрігерлер күні баршаға ортақ мереке деп білген де дұрыс шығар. Соған орай өткен аптада Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасында дәрігерлердің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Жамиля Санаққызы Елордадағы дәрігерлердің республикалық деңгейдегі ауқымды жиынында жүргендіктен әріптестерін тікелей эфирге қосылу арқылы құттықтады. Ұжымдастарының 1 жылдық атқарған жұмыстарын баян етіп, алға қойған мақсаттарымен бөліскен бас дәрігер медицина саласының барлық қызметкерлеріне ақ тілегін білдірді.  Мәні мен маңызы зор мерекеде медицина саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Денсаулық сақтау саласына қажырлы еңбек сіңірген ардагерлерге әріптестері атынан сыйлықтар табысталып, ізгі ниет арналды.

Мереке барысында сөз алған Есік қаласының әкімі Асхат Мұратбайұлы дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, осынау қиын да күрделі салаға ғұмырларын арнаған жандарға қоғамның құрметі қашан да өз биігінде болуға тиіс екенін ескерді. Денсаулық сақтау саласына қомақты үлестерін қосып жүрген мереке иелеріне қала әкімдігі атынан марапаттаулар мен сыйлықтар табысталды.

Әсерлі мерекенің төрінде сөз алған Аманат партиясы, аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев медицина саласына адам үлкен жүрекпен келетінін айтып, пандемия кезіндегі әлемді әлекке салған вируспен күресудегі дәрігерлердің ерен ерліктеріне тоқталды. Өз ақжарма ниетін арнаған Қуат Сұлтанұлы Аманат партиясының атынан ақ халатты абзал жандарға марапаттарын табыс етіп, құрметтерін көрсетті.

Ыстық ықылас төгіліп, ақ халатты абзал жандардың еңбектері еленіп, керемет көңіл күй сыйлаған шара аудан өнерпаздары мен медицина жастарының ән-күйлерімен, концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.                                                                           

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 898 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет