Жексенбі, 22 Мамыр 2022 21:56

Басты мәселелерді шешуге басымдық беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкім бол – халқыңа жақын бол» деген қағиданы бүгінгі әкімдер ұмытса керек. Олардың халықтың қалың ортасына баруы тым сиреп кетті, сондықтан күн құрғатпай тұрғындарды аралап, олардың мұңы мен мұқтажын біліп отыруы тиіс» екенін айрықша тапсырған болатын. Жақында жаңа сайланған Есік қаласының әкімі Асхат Аңсатбаев қала тұрғындарымен еркін форматта кездесу ұйымдастырып, көп көңіліндегі түйіткілдерге жауап берді.

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте өткен тұрғындармен кездесу барысында қала басшысы аудан орталығында атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жұртшылықты мазалап жүрген сауалдарға жауап берді. Қазіргі уақытта аудан тұрғындары үшін қолайлы, өмір сүруге жайлы  ортаны құру – негізгі бағыттардың бірі. Қала әкімінің сөзінше алда Есік өзенінің жағалауы (жобалық  құны 931 млн теңге) мен өзге де бірнеше көшені абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. Сонымен қоса Ш.Уәлиханов көшесінің бойында тротуар салу жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Жүздесуде тұрғындарды жұмыспен қамту, мектептердегі білім беру жағдайы, міндетті медициналық сақтандыру, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыз сумен қамту, тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, жер телімі мен баспана алу жайында сөз қозғалды. Әсіресе саяжай тұрғындары көктем шығып, жаз келісімен ауыз су тапшылығы ең негізгі мәселеге айналатынын, оның үстіне соңғы жылдары тұрғындар саны артқандықтан тіршілік нәріне деген сұраныс та жоғарлағанын жеткізді. Ал қала әкімі Есік өңіріндегі 8 елді мекеннің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін топтық су құбыры құрылысының 90 пайызы аяқталып, 49 шақырым су құбыры жүргізілгенін, жобаға сай 2 су жинау қоймасы іске қосылса, Есік қаласының маңындағы саяжайлардағы су тапшылығы оң шешімін табатынын айтты. Жүздесуге келген тұрғындар қаланы газдандыру жұмыстары туралы да сауалдар қойды. Өз кезегінде қала  әкімі  көппәтерлі үйлерді қалыпты жылытуды қамтамасыз ету үшін қазір 15 блокты-модульді қазандықтардың (БМҚ) салынып жатқанын айтты. Алайда бүгінгі күнге дейін газдандыруға бюджеттен қаражат бөлінбеген, тек жеке инвесторлар тарапынан жүргізілуде. Сол себепті аудан орталығын газбен толық қамту үшін қиындықтардың барын жасырмады.

– Бүгінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс. Қазір осы тұжырымдама негізінде өңір тұрғындарына қала әкімдігі тарапынан сапалы қызмет көрсетіліп келеді. Қазір қала әкімдігінің әлеуметтік желіде арнайы парақшалары бар. Кез келген қала тұрғыны аталған парақшаларға өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, пікір қалдыра алады. Биыл да көктем келісімен  қаламыздың тұрғындары судан таршылық көріп жатқанын айтып, жиі шағымдануда. Біз оларға қолымыздан келгенше көмек көрсеттік. Қазір әлеуметтік желі билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналды. Біз қала тұрғындары тап болған қандай да бір мәселені оңды шешуге күш саламыз. Өткен жылдан бері қала әкімдігінде «Ашық әкімдік» жұмыс істейді, – дейді қала әкімі.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 443 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет