Сәрсенбі, 11 Мамыр 2022 10:53

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

6 мамыр күні «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Байғоджаев Қуат Сұлтанұлының төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау мақсатында, аудандық партиялық штабының алғашқы жиыны өтті.

Жиынға мәслихат хатшысы Ахметов Бекет Төлегенұлы, партия жанынан құрылған аудандық штаб мүшелері қатысты. 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Президенттің тарихи шешімдері – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам, еліміздің стратегиялық болашағын айқындайтын бастама. Бүкіл халықтық деңгейдегі референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетіп отыр, сондықтан партия барлық күш-жігерін конституциялық реформаны қоғамдық қолдауды ұйымдастыруға бағыттауға дайын, Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде ешкім шет қалмауға және тарихи таңдау жасауға тиіс. Егемен еліміздің ертеңі – халықтың қолында екені айтылды.
Жиын барысында аудандық партиялық желілік кесте таныстырылып, бекітілді. Негізгі іс-шараларды елді мекендерде, өндіріс орындарында, азаматтар көп шоғырланатын орындарында өткізу жоспарлануда. Әрбір аудан тұрғындарына өзгерістердің маңызы мен мақсатын жеткізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, филиал штабында азаматтарды қабылдайтын қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді.

Құндыз ДАРБАЕВА,

аудандық филиал консультанты.

 

Оқылды 669 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет