Дүйсенбі, 09 Мамыр 2022 23:46

Батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды!

Батыр бабаларымыздың ерен ерліктерінің арқасында Ұлы Отан соғысының оты сөнгеніне биыл 77 жыл. 9 мамыр – ел үшін жанын құрбан еткен ерлерімізді еске алып, халықты бейбітшілікке шақыратын мәні зор мереке. Аталған мейрам Есік қаласының орталығында, ҰОС-ның ардагерлеріне арналған ескерткіштің алаңында аталып өтті.

Мереке басында Қаракемердегі 6654 әскери бөлімі сарбаздарының бастауымен, аудан әкімі Қуат Елеусізұлы, аудан ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, аудан тұрғындары ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті. Салтанатты жиынға жиылған қауым қызыл аяқ қар кешкен, жалаң аяқ жар кешкен батырларды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаған аудан әкімі Қуат Елеусізұлы ардагерлердің ерлігі – ұрпаққа үлгі екенін айтты:

– Кез-келген соғыстың қасіреті мен зардабын ешқандай дүние толтырып бере алмасы анық. Ата-бабаларымыз ел мен жер үшін, ұрпақ үшін кеудесін оққа тосты. Өскелең ұрпақ олардың ерліктерін ұмытуға құқы жоқ. Себебі тарих бетінен жойылмайтын сұрапыл соғысқа қатысқан батырларымыздың өмір жолы бізге үлкен өнеге. Халқымыздың қас батыры Бауыржан Момышұлы «Бүлдіршіндердің айғай-шуынан артық көркем музыка ойлап табу мүмкін емес» дейді. Яғни, қасиетті Отанымызда бейбітшілік туын биік ұстау – әрбір азаматтың басты міндеті, – дей келе барша аудан тұрғындарын Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Мереке аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің рухты әндерімен жалғасты.

Салтанантты шара соңында аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев бастаған топ ауданымыздағы қос батырымызды құттықтауға бет алды. Алмалы ауылында тұратын ҰОС ардагері Жылқыбай Тәжіқұлов пен Алға ауылының тұрғыны Солтанбай Жарықбасовтың шаңырақтарына арнайы барып, төл мерекелерімен құттықтады. Сый-сияпаттарын табыстап, ақ баталарын алды. Сонымен қатар, мереке қарсаңында өмірден озған ардагер Николай Савраевтың туыстарына көңіл айтты.

 Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 398 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет