Дүйсенбі, 07 Ақпан 2022 09:17

Сапархан АЙДАРХАНҰЛЫ, ауданның бас имамы: Дін мен дәстүр бірлігі — жарқын болашақ кепілі

Дін – мемлекеттің  негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішікі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, тәрбиелеу, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі  діндердің басты ұстанымы,  ал ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төңдіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке  баулу – басты  міндетіміз. Осы орайда ауданымыздың бас имамы Сапархан Айдарханұлынан жастардың жат ағымның жетегінде  кету себептері  мен жастар тәрбиесі жайлы сұрап білдік.

– Құрметті Сапархан аға, жастардың жат ағымдардың жетегінде кетуінің  басты себебі неде?

– Ислам діні – барша адамзат баласын  бейбітшілікке, тыныштыққа, амандыққа шақыратын дін. Бүгінгі қоғамда ислам дініне бет бұрушылар саны күн сайын артуда. Олардың  көпшілігі – жастар буыны. Десек те, жат ағымның жетегінде кетіп жатқан жастар да жоқ емес. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, ата-ананың балаларға  дұрыс көңіл бөлмеуінен, діни білімсіздіктен туындап отыр. Хакім Абай: «Дінді білім арқылы танып біл» деп білім алуға шақырады. Екіншіден, ғаламтордың ықпалы. Әлеуметтік желілерде неше түрлі жат ағымды насихаттайтын уағыздар, видео-роликтердің кең таралуы. Осыған байланысты, ата-аналар тарапынан дұрыс бақылауда болмаған жастарымыз қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін ажырата алмай, өздеріне ұнаған уағыз-насихаттың жетегінде кетіп жатыр. Жасыратыны жоқ, соңғы уақыттары ел ішін бүлдіріп, жаңашылдық әкелмек болған «салафизм» ағымы қанатын кеңге жая түсті. Осы бір ағымның шырмауындағы бауырларымыз дінде жүрміз деп өздерін дүбәра халге салғанын білмей дал. Олай дейтін себебіміз, тар түсінігімен, дініміздің берік те бекем қағидаларына қарсы шығып, тәлім-тәрбиесі мол қазақтың салт-дәстүріне дұшпандық жасап жатқаны жанды жылатады. Дін мен дәстүр бірлігі болашағымыздың жарқын кепілі.

– Ауданда осы ағымдардың таралуының алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

– Қазіргі таңда ауданымызда жастардың жат ағымға еріп кетпеуі үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтар болсақ, колледж студенттерімен осы тақырыптар бойынша бірнеше рет кездесулер ұйымдастырдық. Кездесу 12 рет онлайн форматта, 17 рет ашық түрде өтті. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде онлайн сұхбаттар жүргізіп келеміз. Аудандық мешіттерге елімізге танымал ғалымдарды шақырып, жамағатқа дәрістер өткізіп отырмыз. Дәріске қатыса алмаған жастар үшін аудандық мешіттің атынан iman_alany деген парақша ашып, соған видео дәрістерді жүктейміз.

– Бүгінгі бейбіт заманда мақсат-мүддесі бөлек түсініксіз жағдайда өзге елдің аумағында жүрген қазақ жастары жайындағы  ой пікіріңіз?

Жиһад белгілі мақсатқа жету үшін, күресу, тырысу деген мағынаны білдіреді. Жиһадты қару алып соғысу деп біржақты түсінуге болмайды. Жалған ұранмен қолға қару алып, себепсіз жазым қылуға шариғатта қатаң тыйым салынады. Маида сүресінде былай деп баяндай-ды: «Алла Тағала өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар, бірақ шектен  шықпаңдар. Алла бүлік шығарушыларды жақсы көр-мейді» деген аят бар. Бұл жерде Отан қорғау жөнін айтады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с). хадисінде соғысқа аттанғанда жасы ұлғайған, яғни кәрі кісілерге, әйелдер мен балаларға тиіспеген, тіпті ағаштарды да сындырмаған, өзіңе қылыш көтергенге, қылышыңды көтерме деген. Шариғат бойынша иманға бағыну, бүліктен сақтану – әрбір мұсылманға парыз әрі уәжіп. Қазіргі уақытта өзге елдің аумағына шекара асқан жастар білім іздеп қайтады. Сол ілімнің  парқына бармай, қазақтың ұлттық құңдылықтарын жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, ел арасына іріткі салып жүргендер аз емес. Бірақ осы жастарды шетелге жібермес бұрын бірінші кезекте қазақтың салт-дәстүрін бойына дарытуымыз  керек.

– Жастар тәрбиесіне қаншалықты  көңіл  бөлуіміз  қажет?

Еліміздің болашағы жастар болғандықтан олардың тәрбиесіне ерекше мән беру керек. Жастық шақ қайтып келмейтін уақыт. Ағысы өзгер-мейтін өзен. Сондықтан болар ғалымдарымыз жастарды суға, отқа теңеген. Отты су өшіргендей, жастарға тәрбие дер кезінде дұрыс берілмесе, қиындыққа апаратыны сөзсіз. Қазіргі уакытта тағы бір қуантатын жағдай, жастардың дінге  көптеп бет бұруы. Мешітке келе-тіндердің 70-80 пайызы осы жастар. Жастарымызға асыл дініміздегі құран аяттары мен хадистерді толық түсіндіруіміз қажет. Ұрпағымыз  иманды болса, болашақ та жарқын болары анық. «Ырыс алды ынтымақ» демекші, береке-бірлігімізге сақ болып, жат ағымдардың алдын алайық. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Елдің ішін даудан, сыртын жаудан сақтасын.    

 

Сұхбаттасқан

А.КӘДІРБАЙҚЫЗЫ.

Оқылды 1911 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет