Жұма, 03 Қыркүйек 2021 09:35

Ардагерлер – тыныштық пен берекенің ұйытқысы

Ардагерлер ұйымы кешегі қиын-қыстау кезеңде өзін-өзі сақтап қалған, заман өзгерсе де өзінің мән-мағынасын, мазмұнын өзгертпеген жалғыз қоғамдық ұйым десек артық айтпаймыз. Қоғамның қаншалықты өркениетті, қаншалықты зиялы екендігі ардагерлерге деген құрметпен өлшенген. Аға ұрпақтың өнегесі, ақылы қоғамға қай уақытта да қажет. Расында да, бүгінгінің ақсақалы қандай? Қазіргінің қариясы, алдыңғы толқын ақсақалдар қандай өнегелі ісімен танылып отыр? Өңірдегі  тыныштықты, ұлтаралық татулықты сақтауда қариялардың қосқан үлесі қандай? Біз осы тақырып төңірегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақовты  әңгімеге тартқан едік.

– Бүгінде ардагерлер кеңесінің тамырына қан жүгіріп келе жатқандығын жұрт  жиі  айтады. Әуелі әңгімемізді абыроймен атқарған істеріңізден бастасақ.

– Ардагерлер кеңесі. Осылай аталатын ұйымдар әр жерде әртүрлі деңгейде, сан алуан сапада іс тындырып жатқандығы  түсінікті. Ең әуелі аудандық ардагерлер ұйымының өз қызметін ойдағыдай  қамтамасыз етуге аудан әкімдігі мен өзге мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдар қолұшын беріп келеді. Сол ықпалдастықтың арқасында жүйелі жұмыстар жүргізілді.Қазір ауданымызда Ұлы Отан соғысының 3  ардагері, 931 еңбек ерлері, Ауған және Тәжік т.б мемлекеттерде соғысқа қатысқан 234  және Чернобыль апатын жоюға қатысқан 18 ардегер бар. Оларға аудандық ардагерлер кеңесінің қарамағындағы 37 бастауыш ұйым қызмет етеді. Біз ең әуелі әрбір ардагердің назардан тыс қалмауын көздеп, әрқайсысы есепке алынған ба, тізімге тіркелген бе, бастауыш ұйымда бар ма деген  мәселеге мән береміз. Ауданымызда ардегерлердің ұйымдастыруымен түрлі мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі. Өткен 5 жылда  ардагерлердің қатысуымен волейбол, футбол, шахмат, бильярд сынды спорт түрлерінен 70-ке жуық жарыс ұйымдастырылды. Сонымен бірге ардагерлердің атсалысуымен жас ұрпақты спорт пен саламатты өмір салтына баулу мақсатында ҚР спорт ардагері Аманбек Саматов атындағы республикалық турнир де жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Еліміздегі барлық мереке күндерінде жергілікті жердің  ардагерлер кеңесінің төрағалары округтерде ұйымдастырылатын барлық іс-шараларға белсене атсалысады. Айталық, қарттар күніне орай жыл сайын Есік қаласы мен ауылдық округтерде «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізіледі. 2020 жылыдың өзінде 5000-ға жуық қартқа кәсіпкерлер тарапынан 35 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қоса, өткен 5 жылда қарттарға құрмет көрсету мен көмек қолын созу мақсатында кәсіпкерлер тарапынан 49 млн 800 мың  теңге қаражат жұмсалды. Осы орайда ардагерлерге көптеп көмек көрсетіп келе жатқан Жангелді Осан, Сейітхан Қырқынбаев, «Голд продукт» шарап зауытының басшысы Виталий Вальков, ЖШС «Вира» Бурнашев Рустам Мухамедович сынды кәсіпкерлер мен өзге де ұйымдарға алғыс айтамын. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 100-ге жуық қартқа 7 млн теңгеге қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ардагерлер түрлі тарихи даталармен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да көптеген мәдени шаралардың ұйытқысы болып келеді. Қысқасы, ардегерлер қауымы ел арасының бірлігі мен тыныштығын бекемдеп, ауызбіршілік пен достыққа ұйытқы болып отырған үлкен күш.

– Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аталған конференцияда қандай келелі шешімдер қабылданды?

– Аудан әкімдігінде өткен есеп беру-сайлау конференциямызға аудан әкімі Әлібек Жақанбаев қатысып, 2016-2021 жылдардағы жұмыс қорытындысы мен тексеру комиссиясының есебін тың-дады. Жиналыста аудан әкімі қарттардың  әлеуметтік жағдайын жақсартуға  арнайы қор құрылып, түрлі мүмкіндіктер қарастырылатынын жеткізді. Кеңесіміздің есеп беру-сайлау конференциясында күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. 26 округтен  150-ден астам делегат қатысқан конференцияда кеңестің жаңа құрамына 47 адам, ал тексеру комиссиясына 3 адам сайланды. Облыстық ардагерлер кеңесінің конференциясына 5 адам баратын болды. Конференция барысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт пен бірқатар бастауыш ардагерлер ұйымының жетекшілері онлайн форматта ой бөлісті. Қатысқан делегаттар мені аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы етіп, Асыл Байтулақов пен Әбілбек Айтақыновты кеңес төрағасының орынбасары етіп сайлады. Осылайша аудан ардагерлері маған қайта сенім білдірді. Біз олардың сенімінен шығу үшін қызмет ететін боламыз.

– Ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында ардагерлеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне көбірек араласатын шығар?

– Әрине, ардагерлеріміз мектептер мен колледждер, жастар орталықтарында ұйымдастырылатын кездесулерге жиі барады. Соғы кездегі пандемияға байланысты кездесулер сиреді.Ардагерлердің  мол тәжірибесі мен өмірден түйген, көрген-білгендерінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына. Сондықтан ардагерлер ұйымдарының қоғамдық жұмыстары олардың еңбектері мен есімдерін елге насихаттауға басымдық береді. Әрине, елі үшін тер төккен ардагерлерді құрметтеу, жарық дүниеден озғандарына лайықты тағзым ету – бүгінгі күн үшін маңызды деп білемін.

– Ардагерлер кеңесінің алдағы жұмыс жоспары туралы да айта кетсеңіз.

– Аудандық ардагерлер  кеңесі дәстүрлі түрде 1 қазан – халықаралық қарттар күнін кең ауқымда атап өтеді. Біз бұл атаулы датаны бір күнмен ғана шектемей, айлық акция ретінде ұйымдарғымыз келеді. Осы  акцияға еріктілер ұйымдары, ауданымыздағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері атсалысады деген ойдамын. Осыған сай ардагерлердің материалдық, мәдени және тұрмыстық жағдайларын көрсететін әлеуметтік карталарының бастауыш ардагерлер ұйымдарында  болуы және мемлекеттік органдар арқылы анықталған қиындықтарды жою бойынша шаралар қабылданды. Жалпы, ардагерлердің барлық өтініштері мұқият қаралып, олардың хаттары мен өтініштері тіркеліп, түсіндірулер мен жауаптар беріледі. Аудан әкімі Әлібек Әскербекұлы  қарттардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін  арнайы қор құрылатынын айтты, бұл да көп істің оң шешімін табуға әсерін тигізеді деген ойдамын. Қысқасы, аудандық ардагерлер кеңесі, ұлттық құндылықты ұлықтау, ұлтаралық татулық пен тұтастықты сақтау, түрлі өзгерістерге бастамашы болуы сынды істерді өнімді түрде жалғастыра бермек.

– Сұхбатыңызға рақмет!

 

Тілдескен

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 3197 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет