Дүйсенбі, 05 Сәуір 2021 14:32

ҰБТ-дан кейінгі апелляцияға қалай өтініш береді?

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ-дан кейінгі аппеляция талаптарын түсіндірді.

«Тестілеу аяқталғаннан кейін, талапкер апелляцияға өтініш бере алады. Егер сұрақтардың құрамына немесе техникалық себептерге байланысты апелляцияға беретін болса, оның 30 минут уақыты болады. Отырған орнындағы компьютерден апелляцияға бере алады. Апелляция 30 күннің ішінде қарастырылады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі», - деді Д.Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Биылдан бастап ҰБТ электронды форматта тапсырылады және нәтиже тестілеу аяқталғаннан кейін бірден шығады. Тағы бір ерекшелік Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыруға болады.

Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкер ең жоғары 140 балл жинай алады.

Әрине, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҰБТ барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталады. ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев: «Ғимаратқа кіргізу маскалық режимді сақтай отырып, кемінде 2 метр арақашықтық арқылы іске асырылады. Әрбір талапкер дизинфекциядан өтеді және әрқайсысының оргәйнекпен қоршағалған өзінің орны болады», - деді.

Тестілеуге кіргізу кезінде қатысушылардың аяқ киімдері мен қолдары арнайы құралдарымен өңделеді. Бет маскасының дұрыс тағылуын қадағалау мен температураны өлшеу арнайы Face ID планшетінің көмегімен жүзеге асырылады.

Тест тапсырушыларды кіргізу және аудиторияда отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық сақталады. Аудиториялар желдетіліп, дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Санитарлық нормаларға сәйкес ата-аналар мен мұғалімдерге ҰБТ өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады. Олар үшін аудиториядан бейнетрансляция қамтамасыз етіледі.

mezet

 

Оқылды 1522 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет