Жуырда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшыларының есептері қаралып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Бөлім басшыларына көктемгі дала жұмыстарына дайындық, суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері мен аудан аумағында туризмді дамыту, агроөнеркәсіптік саланы субсидиялау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша депутаттар өздерінің сауалдарын қойды. Биылғы жылы қар желтоқсан айынының ортасында жауса да, жауапты бөлім қыс маусымына мүлде дайындық жұмыстарын жүргізбегендігін, қала тұрғындары көшелерді қардан тазарту жұмыстарына наразы болғанын айтты. Сонымен қатар, бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі – шұрық-тесік жолдардың жайы да назардан тыс қалмады.

Ауыз су, кәріз жүйелерінің бүгінгі жағдайы, электр қуатын көтере алмайтын трансформаторлар мен ескірген электр бағаналары, ауылдардың күрмеуі шешілмеген проблемалары халық қалаулылары тарапынан көтеріліп, жұмыс барысындағы орын алған кемшіліктер бойынша наразылықтарын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақ-ұсыныстарға бөлім басшылары жауаптарын берді. Қарастырылған мәселелерді талқылай келе, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемле-кеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, хаттамалық қаулы қабылдады.

Комиссия отырысынан кейін аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVII сессиясының отырысы өтіп, күн тәртібінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала талқыланып барып енгізілген сұрақтар қарастырылды. Сессия отырысына мәслихат төрағасы Бекет Төлегенұлы мен мәслихат депутаттары бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралда-рының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын бекіту туралы, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй мәселелері бойынша комиссияның жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру бағытындағы қабылданған шаралар және берілген пәтерлердің нысаналы пайдалануының ағымдағы жағдайы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының есебі, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындарына көліктік қыз-мет көрсету және жолдарды жөндеу, күтіп ұстау, жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру туралы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының есебі, көктемгі дала жұмыстарына дайындық, суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері мен аудан аумағында туризмді дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және агроөнеркәсіптік саланы субсидиялау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының есебі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша аудан аумағындағы ахуал және осы бағыттағы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссия мен құзырлы органдардың атқарған жұмыстары туралы есептері қаралды.

Аталған мәселелер бойынша тұрақты комиссия отырысында баяндалып, жан-жақты талқыланғандықтан, депутаттар тарапынан сессияда бірауыздан қабылданды, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер шығарылды.

Жиынның соңында мәслихат төрағасы Бекет Ахметов әйелдер қауымын төл мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Қазіргі қоғамымызда нәзік жандылар тек отбасы-ның береке-бірлігін ойлап қана қоймайды, мемлекетіміз-дің өркендеуіне және сая-си-әлеуметтік, мәдени мәселелеріне белсене араласып келеді. Бүгінгі күнде әйелдер қауымы әр салада қызмет атқарады, медицина мен педагогика, мәдениет пен спорт, бизнес, қарулы күштер. Сіздер жан-жағына шуақ шашып, айналаны нұрға бөлеп, әлемді нұрландырасыздар. Осы сәтті пайдалана отырып, егемен елімізді одан әрі көркейту, оның әл-ауқатын жақсарту жолындағы жұмыстарыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілеймін», – деп аудандық мәслихаттың депутаттарына, аудандық мәслихат аппаратының мамандарына, сонымен қатар бірқатар сала өкілдеріне Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстап, мерекелік сыйлықтарын тарту етті.

Өз тілшіміз.

 

Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы.

Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.

Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да аналар қауымы!

Әлемдегі барлық жақсылық, жылылық пен ұлылық ең әуелі отбасынан басталып, одан әрі ұжым, орта, қоғамға тарайды десек, соның бәрінің ұйытқысы – ана екені шындық. Сондықтан да аналарға деген құрмет шексіз бола бермек. Себебі, адамзаттағы ізгіліктің барлығы ананың атымен байланысты.

 

Құрметті ханымдар!

Әйелдің жүрегі – әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер.

 Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс-құт дарысын. Сіздердің қолдауларыңыз баршамызға сенімділік ұялатып, жігер береді. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, игілік, қуаныш тілеймін. Бүгінгі мереке махаббаттың нәзік үнімен жалғасып, пәк сезім серпілісімен ұштаса берсін!

 

 

 

Бейсенбі, 22 Ақпан 2024 15:20

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында  Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан Жанбосынованың ұйымдастыруымен «Еліне азамат тәрбиелеген жанұя» атты Отанына, жеріне еңбегі сіңген отбасылармен кездесу өтті. Кездесуге округ тұрғындары қатысты.

Жиынның шымылдығы Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен түрілді. Райхан Жанбосынова отбасындағы бала тәрбиесі жайында пікрін білдірді. 

– Дүние есігін ашқан әрбір сәби – ата-анасының қуанышы ғана емес, ол елінің ертеңгі ту ұстар азаматы. Бұл үшін ата-ана, мектеп, қоғам жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен мән беру қажет. Ендеше баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, азамат ету – бәрімізге ортақ парыз. «Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан шығады?» деген ұлы сөз бекер айтылмаған. Бала тәрбиесін ортақ қолға алып, болашақтарын ойлайық, – деді Райхан Жанбосынова.

Келесі кезекте еңбегі сіңген ардагер ұстаздар жайлы слайд көпшілік назарына ұсынылды. Оның ішінде Ибрагим Исмяков, Баян Иманкулова, Айтжан Аманкулов, Салиха Жарқынбекова, Тугулук Хасанов, Ақмарал Кайсенова, Салтанат Турганова сынды ұстаздардың еңбектерін айтып өтті.

Шара барысында отбасылық құндылықтар, жастар, қазіргі қоғам мәселелері және бала тәрбиесі жайлы әңгіме өрбіді. Қонақтар өздерінің ата-аналары жайлы және олардың қоғамның дамуына қосқан ерен еңбектері туралы әңгімеледі. 

Шара соңында облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева бүгінгі қоғамның кемшін тұстары жайлы сөз қоғап, бала тәрбиесіне баса мән беру керекетігін айтты.

– «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, әр бала ең алдымен өз отбасында одан кейін білім ордасында тәрбие алады. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «Адамға бірінші тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»  деп айтқандай, біз бірінші кезекте балаға тәрбие беруіміз керек, сонда ғана Отанын сүйетін, еңбекқор ұрпақтар тарайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі балалар мектеп жасынан жаман әдеттерге әуестенуде. Мектеп қабырғасында оқитын кейбір жасөспірімдер электронды темекі пайдаланады. Бұл біріншіден, денсаулыққа, екіншіден, елімізге зиян. Бүгінгі таңда Қазақстан темекі тұтыну жағынан алдыңғы қатарда. Біз осымен күресуіміз керек, – деп, Гүлнар Сағатқызы жиынға белсене қатысып, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын жандарға алғыс айтты.

  Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Бейсенбі, 22 Ақпан 2024 15:18

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай  Есік қаласында ауқымды іс-шара өтті. Алдымен қонақтар Ауған соғысының ардагерлеріне арналған орталықтағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Еліміздің  мемлекеттік Гимні айтылып, соғыс кезінде мерт болған батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ары қарай Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде  концерттік бағдарлама жалғасты. 6654  әскери бөлім сарбаздарының мемлекеттік Ту кіргізу рәсімі орындалды. Концерт басында  аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Ахметов ардагерлерге алғысын білдірді.

 – Ардақты ағайын, құрметі соғыс ардагерлері, бүгін сіздер үшін тарихы терең, маңызды күн. Баршамыз Кеңес әскерінің Ауған жерінен шыққанына 35 жыл толуын атап өтудеміз. Бұл Қазақстан ғана емес,  ТМД елдері үшін де үлкен оқиға. Сіздер бейбіт өмірге араласып, отбасын құрып, саналы ұрпақ өсіріп, халық көшін алға жылжытуға, еліміздің дамуына үлкен үлес қостыңыздар. Сондықтан барлықтарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін – деді Дархан Ахметов. Концерт барысында «Улыбка» би ансамбілінің  «Қазақ биі» орындалып, Лала Бақытнұрқызы «Жез-киік», «Қаракемер» триосы «Мен қазақпын»  және Нұртас Қайратұлы «Ұлы дала – Қазақ-стан» әндерін шырқады. Дархан Ахметов  майдангерлерді марапаттап,  алғыс хаттар мен мерекелік медальдар табыстады.

 

    Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Бейсенбі, 22 Ақпан 2024 15:12

Тың серпінмен өзгеріске

Жуырда «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVІ конференциясы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асыл Байтулақов қатысты. Конференцияның модераторы, аудандық партия төрағасы Бағдат Рахимов конференцияның өту тәртібімен, көтерілетін мәселелермен таныстырды. Ауқымды шарадан делегат емес аудандық мекеме, этно-мәдени орталықтардан және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері де қалыс қалған жоқ.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы баяндау үшін аудан әкімінің міндетін атқарушы Ертай Нұрмахановқа сөз берілді. 2023 жылы аудан көлемінде негізгі 7 бағыт бойынша нақты атқарылған шаруаларға тоқталған Ертай Нұрмаханов өз кезегінде:

– 2023 жылы ауданға 38,9 млрд теңге салық түсті, 2022 жылмен салыстырғанда 8,4 млрд теңгеге артық. Ағымдағы жылы салықтық түсімдер көлемінің жоспары 50,3 млрд.теңге, осы орайда ауылдық округ әкімдері жоспарды орындау мақсатында жұмыс жүргізуі қажет – деді.

Ертай Нұрмахановтың мәліметінше, «Жаңа инвестициялық кезеңді бастау» бағытында да оң өзгерістер бар. 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар 83,9 млрд теңгені құраған. Ағымдағы жылы ауқымды 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 88 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады деп күтілуде.

Өндіріс саласы да көңілге қонымды цифр-лармен өрнектелді. 2023 жылы өндірілген өнім көлемі 88 млрд 462,4 млн теңгені құраған.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану бағыты өз қарқынын жоймаған. Ауыл шарушылығының жалпы өнімі 195 млрд теңгені құраған. Айталық, 2023 жылы ауыл шаруашылығы мен балық өсіру шаруашылығында 8 жоба іске асырылған. 2,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 74 жұмыс орны құрылған. Ауыл шаруа-шылығының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2023 жылы 2,6 млрд теңгеге 141 техника алынған. Ауданымыз ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы қатарда тұрғаны белгілі. Сол себепті бұл бағытта көптеген көлемді істер атқарылып жатқанынан хабардар болдық.

Электр қуаты, жылу, су, жалпы тиімді коммуналдық шарушылық – басты игілігіміз екені белгілі. Осы орайда ауданымыздың 7 елді мекеніне яғни Қызылжар, Нұра, Бәйдібек би, Ащыбұлақ, Рахат, Шелек, Қазақстан ауылдық округтерінде сумен қамту жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек биылғы жылы Есік қаласы, Түрген, Әймен, Қарасай, Өрікті, Бөлек су құбырларын жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек жаңаруды қажет ететін бірнеше ауылдардың тізімі аталып, құжаттар әзірленіп жатқаны мәлімденді. Газбен қамту мәселесі де күн тәртібінен түскен емес, алдағы уақытта аудан тұрғындарын бұл мәселеде жағымды жаңалықтар күтіп тұр.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары көлік логистикасы, әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау салалары бойынша 2023 жылда атқарылған және жоспарланған істер бойынша толық баяндады.

Конференцияда жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қымбат Дәуке, Қазақстан бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Мұхит Дунгешов, Малыбай бастауыш партия ұйымының төрағасы Разиям Таждинова, Ақши бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлмира Жанпейісова атқарылған жұмыстар жөнінде баяндамаларын оқыды.

Конференция соңында аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов партияластарын белсенділікке шақырды.

Ринат НАРХАНОВ.

Мен Тустукбаев Бағлан Ахихатұлы, 1989 жылы 7 сәуірде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келдім. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2013 жылы Шелек ауылдық округі әкімі аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы бастадым. 2013 жылы 1 қарашада Сөгеті ауылдық округі әкімі аппаратына жетекші маманның міндетін атқарушы болып ауыстым. 2014 жылы 6 тамыздан жетекші маман, 2014 жыл 7 қарашадан бүгінгі күнге дейін бас маман қызметін атқарудамын.

Құрметті, Түрген ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға Түрген ауылдық округінің әкіміне кандидат ретінде өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Мен ауылдық округ әкімінің аппаратында жұмыс істей жүріп, өзекті, шешімін табуы тиіс мәселелерді және ілгері басқан істі де көріп жүрмін. Және барлық түйінді мәселелерді шешіп, жемісті істерді халықтың игілігі үшін одан әрі табысты, мақсатты түрде жалғастыру қажет деп есептеймін.

Әкім болу – бірінші кезекте округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету деп түсінемін. Мұны бір сөзбен айтсақ, қазір қанатты сөзге айналып кеткен  әрі жауапкершілік артатын «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз шығады. Мен халыққа жақын бол қағидасын ұстана отырып, Түрген ауылдық округінің әкімі лауазымына өз кандидатурамды ұсындым және ауыл мен ауылдық округтің игілігі үшін шешілуі тиіс міндеттерді орындауды мақсат етіп отырмын.

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және олардың жұмыспен қамту үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтің экономикасын дамыту;

– Жаңа жұмыс орындарын құру;

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстау;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасау;

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, округтің мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

Президент Жолдауында ауылдың дамуы мен көркеюі үшін маңызды тапсырмалар берді. Округ әкімі ретінде ол міндеттерді орындау, ең бірінші кезекте Түрген ауылдық округтің тұрақтылығы мен өркендеуіне әкеледі деп санаймын.

 

 

Мен, Әділхан Азамат Әділханұлы, 1993 жылы 11 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. 2011-2015 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолын 2015 жылы 20 желтоқсанда «АС-Сапа Курылыс» ЖШС-де заңгер болып бастадым. 2017 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы болып жұмысқа қабылданып, 2018 жылы 3 қазанда Есік қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып ауыстым.  Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде бас маман қызметін атқардым. Қазіргі таңда Қаракемер ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.  

 

Құрметті Шелек ауылдық округінің сайлаушылары!

 

Ауыл – еліміздің жүрегі. Сондықтан ауылды көркейтіп, әлеуетін арттыру – менің басты мақсатым. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ауылдарды гүлдендіруге, сондағы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға барлық мүмкіндіктерді жасауда. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, ірі жобалар жүзеге асырылуда. Осындай бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру, ауылдың әлеуетін пайдалана отырып, дамуға жол ашу – менің сайлауалды бағдарламамның негізі.

 

Сайлауалды бағдарламамда төмендегідей бағыттарға басымдық беріп, жұмыс атқаратын боламыз:

– Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын;

– Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасаймын;

– Округ тұрғындарын рухани қолдау бағытында ауыл кітапханасы мен мәдениет үйі жұмыстарының жандануын назарда ұстай отырып, тиісінше қолдау көрсетемін;

– Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын;

– Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын;

– Болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Демек, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына қолдау көрсетемін. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ тұрғындарының санын арттыруға күш саламын;

– Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын;

– Ауылдағы  саяси  ахуалдың  тұрақты  болуын  басты  назарда  ұстау,  саяси ахуалдың  тұрақты болуы үшін әрдайым зерттеулер жасап  талдау  жүргізіп отыру, саяси  ахуалдың тұрақты болуы және әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табу үшін  қоғамдастық, ардегерлер  кеңесі, жастар ұйымы жұмысының белсенділігін арттырамын;

– Ауылда жұмыссыздықты болдырмау, халықты нәтижелі жұмыспен қамту мақсатында тұрғындарды жеңілдетілген несиелер алып, түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, өз кәсібін ашып, жұмыс жасауға заңдық тұрғыда көмектер көрсететін боламыз;

–  Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес 2018 жылдан бастап ауылдық бюджет көзделген. Тиісті біліктілік курстарынан өткен, сапалық құрамы жоғары мамандарды даярлай отырып, кәсіби аппарат құру, барлық мүмкіншіліктерді қарастырып салық базасын кеңейту, түбегейлі зерттеліп, жан-жақты талданғаннан кейін ауыл бюджетін сапалы жоспарлаймыз;

– Шағын және орта бизнеспен айналысуға ауыл тұрғындарын көптеп тарту, ауыл шаруашылығына басым бағыт беру, ауыл шаруашылық дақылдарын әртараптандыру, өндіріске жаңа сұрыптарды енгізе отырып, жоғары өнімдер алуға қол жеткіземіз.

 

 

 

Мен Тойғанбеков Бақберген Бауыржанұлы 1988 жылы 21 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2014 жылы Ават ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін атқарушы болып бастадым. 2017 жылға дейін аталған округ әкімдігінде бас маман, 2017-2018 жылдары Еңбекшіқазақ аудандық ветеринария бөлімінің жетекші маманы болдым. 2018 жылы Ават ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметіне қайта тағайындалдым. 2024 жылдың 22 қаңтарынан Жаңашар ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.

Құрметті Шелек ауылдық округінің тұрғындары!

Сіздердің қарауларыңызға Шелек ауылдық округінің  әкіміне кандидат ретінде өзімнің әзірлеген сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Мемлекет басшысы  ұстанған қоғамдық татулық пен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт Тәуелсіз Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Шелек ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

– «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

– Ауылдық округтің саниятариялық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

Менің Шелек ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлауалды бағдарламам, Сіздермен бірлесе округ өмірінде маңызды мәселерді шешудегі жүзеге асыратын жұмыстарға мүмкіндік беретініне  сенімім мол.

 

Мен Демесинов Мақсат Аманғалиұлы, 1977 жылы  Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында дүниеге келдім. Білімім – жоғары. Еңбек жолымды 1999 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ішкі істер басқармасында учаскелік полиция инспекторы болып бастадым. 2005 жылдан – 2009 жылға дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Әділет басқармасының бастығы, 

     2009 - 2010 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, 2010 - 2020 жыл аралығында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Еңбекшіқазақ ауданының бөлім басшысы қызметін атқардым. 2020-2021 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Еңбекшіқазақ ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімі басшысының орынбасары,  2021 жылдан 2022 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бөлім басшысы қызметін атқардым.  2022 жылы Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы кадр жұмысы басқармасының жетекші сарапшысы қызметін атқардым. 2022-2023 жылдары Жетісу облысы бойынша  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының әкімшілік-шаруашылық қызмет басқармасының басшысы қызметінде болдым.

Құрметті Түрген ауылдық округінің тұрғындары!

     Түрген ауылдық округі  халқының тұрмыс-тіршілігімен қатар, ауылдың өзекті мәселерімен жақсы таныспын. Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен  бірлесе отырып, ауылдың өзекті  мәселелерін шешуге жұмыс жасаймын.

          Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін мен болашақта Түрген ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға және ауылдың ішкі жолдарын жөндеуге, сумен, газбен, электрмен жабдықтау, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашу мәселелерін шешуге бар күшімді саламын. Бүгін мен бұл мәселелерді қалай шешу керек екендігін және біздің ауылдағы өмірді қалай жақсартуға болатындығын білемін! Бірақ, ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет.

        Маған дауыс берсеңіздер, мен сайланған жағдайда, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын!

Мені округ əкімі етіп сайласаңыздар,          

алдағы 4 жылда:

 

Түрген ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға;

Округ бойынша ауылдардың ішкі жолдарын жөндеуге;

 «Жер аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының игілігі үшін жайылымдық жерлерді қайтаруға;

Түрген ауылындағы ауызсу, кәріз жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және ауыз су мен кәріз жүйелерін арнайы мамандандырылған кәсіпорынның теңгеріміне өткізіп беру мәселесін шешуді қолға алу; Елді-мекендердегі ауыл көшелерін жөндеу жұмыстары, аббаттандыру, жарықтандыру мәселесін қарастыру.

 

        Мен округтің бюджеті шектеулі болғандықтан, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

  Елді-мекендерде жастар үшін заманауи жабдықталған спорт және балалар ойын алаңын құруға;

 Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту  мақсатында инвесторларды тартып ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашуға жолдарын іздестіру;

 Ауылдың экономикасын көтеру мақсатында туризмді дамытуға ат салысуға;

 Шағын кәсіпкерлікті дамыту және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға;

 Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге күшімді саламын.

 

  • Ауыл тұрғындарының өмір – сүру жағдайын жақсарту және қолайлы етуге;
  • Туған ауылымдағы халқымның әл – ауқатын жақсартуға;
  • Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіпті дамытуға;

 

  • Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыру аясында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруға;
  • Ауылдың мәдени және рухани мұрасын насихаттауға үлесімді қосамын.

 

Мен əрқашан байланыстамын!

Тел / WhatsApp: ++7 777 770 2210

 Құрметпен, Мақсат Аманғалиұлы  Демесинов!

 

Мен Дауткулов Айдарбек Аянбекұлы, 1974 жылы 19 желтоқсанда Алматы облысы, бұрынғы Шелек ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. 1982 жылы Абай орта мектебіне барып, 1992  жылы аяқтадым. 1992 жылы Алматы  коммерциялық техникумына түсіп, 1994 жылы Іс-әрекеті  мамандығын  бітіріп шықты. 1995 жылдан бастап 2002 жылға дейін «АЯН» ЖШС басшысының орынбасары болып  жұмыс істедім. 2002 жылдың қазан  айынан бастап 2012 жылға дейін «Филипп Моррис» Қазақстан АҚ компаниясында агроном болып жұмыс істедім. 2012 жылдан бастап, 2022 жылға дейін «Аян» ЖШС-нің басшысы болып жұмыс  атқардым. 2016 жылдан бастап, 2021 жылға дейін аудандық маслихаттың депутаты болдым. 2018 жылы Алматы университетіне түсіп, 2020 жылы Мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес мамандығы бойынша аяқтадым. 20.10.2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудан әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарамын.

     Шелек ауылдық округі  халқының тұрмыс-тіршілігімен қатар, ауылдық округтің өзекті мәселерімен жақсы таныспын. Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен  бірлесе отырып, округіміздің күрделі мәселелерін шешуге жұмыс жасаймын.

Отбасылық жағдайым: Үйленгенмін, 3 балам бар.

     Сайлаулды бағдарламамда: Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, мемлекетіміз бен қоғамымыздың жан-жақты дамып, еліміздің өркендеуіне бағытталған бағдарламаларын ауылдық округте іске асуын, Республика Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын орындауға және осы бағыттағы барлық саясатын қолдауға, сонымен қатар экономикалық – әлеуметтік дамуының стратегиялық бағдарламаларының  жергілікті жерде өз деңгейінде орындалуына күш-жігерімді жұмсаймын. 

      Ел сеніміне ие болған  «AMANAT» партиясының халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған партиялық жобаларының ауылда іске асуын қамтамасыз етемін.

      Шелек ауылдық округі – тарихы терең тамырланған, отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері мекендеген ірі де, іргелі мекен. Географиялық-экономикалық жағдайы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» Халықаралық жол бойына орналасқан, келешегі кемел – болашағы зор елді мекен. Сондықтан да, ауылымыздың заман талаптарына сай көркейіп, дамуына ерекше атсалысамын. Атап айтқанда ауылда орталықтандырылған сапалы ауыз тарту мен кәріз жүйесін тарту жұмыстарын аяқтауға, ауылдағы 131 көшенің толық күрделі және орташа жөнделуі мен жарықтандырылуына, орталық саябақтардың қайта жаңғыруына, қоғамдық орындардың абаттанырылуына, әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің күрделі жөндеуден өтіп абаттандырылуына, көшелерді көгалдандыруға, ауыл аумағының ұлғайып, халық санын арттыру мақсатында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдеріне инфрақұрылым жасауға және ең бастысы, тәртіп пен тазалықтың орнығуына көңіл бөлемін.

 Еліміздің болашағы жастардың қолында. Олардың жан-жақты дамыған азамат болып өсуі үшін білім ордаладының сапалы білім, саналы тәрбие беруіне белсене араласамын. Осы бағытта бүгінгі талапқа сәйкес, мемлекеттік бағдарламалар аясында заманауй балалар бақшасы мен мектептердің ашылуына мүмкіндік жасауға тырысамын. Сондай ақ жастардың спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасап, спорт алаңдарының жасақталуына және спорт мектептері мен кешенінің жұмысының жандануына ықпал етемін.

      Дені сау ұлт қана ел келешегінің кепілі бола алады. Осы орайда ауылда орналасқан ауруханалар мен емхананың ауыл тұрғындарының саулығы үшін қызмет көрсетуін қадағалап, ғимараттарының күрделі жөндеуден өтуіне және жаңа орталық аурухананың салынуына баса назар аударамын. 35 346 тұрғынның жаңа туған нәрестеден 16 жасқа дейінгі балалар арасында көптеген мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Тағдыр тауқыметін тартқан осындай жандарға арнап, заман талабына сай жабдықталған оңтайландыру орталығын ашуға атсалысамын.

     Татулық пен ынтымақтастық – Тәуелсіздіктің берік тірегі екендігі баршамызға аян. Бұл ретте, Мемлекет басшысысының жүргізіп отырған ұлтаралық келісімнің сақталуын, Шелектіктердің тату-тәтті, ынтымақта өмір сүруіне, салт-дәстүрлердің дамып, қайта жаңғыруына, отансүйгіштік қасиеттің қастерлернуіне бар күшімді саламын.

    Елдігіміздің айбары, егемендіктің айғағы болған мемлекеттік рәміздер: Елтаңба, Ту мен Гимнді қастерлеуге, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында еңбек етемін.

    Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және жұмыссыздық мәселесін шешу үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвесторлардың көптеп келуіне ықпал етемін.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге барынша көмек көрсетілуін назарда ұстаймын.

     Осы сайлау алды бағдарламамның орындалуына және басқа да өзекті мәселелердің оң шешімін табуы үшін бар күшімді салып, қызмет етемін.

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар,

алдағы 4 жылда:

  Шелек ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға;

Округ бойынша ауылдардың ішкі жолдарын жөндеуге;

 Шелек ауылында тартылып жатқан ауыз су жүйесінің сапалы  салынуын қамтамасыз етуге;

  Шелек ауылында тартылып жатқан кәріз су жүйесінің сапалы  салынуын қамтамасыз етуге;

  Шелек ауылының электр желілері мен бағаналарын толық ауыстуруға жұмыс жасауға;

  Шелек ауылының орталық көшелерін күрделі жөндеуден өткізіп, көгалдандыру және абаттандырылуын қамтамсыз етуге;

 Күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарға жөнеу жұмыстарын жүргізуге;

  Жаңа әлеумкеттік нысандардың бой көтеруіне ықпал етуге;

  Саябақтарға абаттандыру жұмыстарын жүргізуге;

  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге суғару жүйелерін қамтамасыз етуге;

 

        Мен округтің бюджеті шектеулі болғандықтан, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

  Шелек ауылында жастар үшін заманауи жабдықталған спорт және балалар алаңын құруға;

 Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту  мақсатында инвесторларды тартып кәсіпорындар ашылуына;

 Ауылдың экономикасын көтеру мақсатында туризмді дамытуға ат салысуға;

 Шағын кәсіпкерлікті дамыту және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттыруға;

 Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге

  • Бос тұрған ғимараттардың іске қосылуын
  • Шаруа қожалықтарының тиімді жұмыс жасауына көшуге
  • Заңды тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын орын ашуға

күшімді саламын.

 

  • Ауыл тұрғындарының өмір – сүру жағдайын жақсарту және қолайлы етуге;
  • Ауыл халқының әл – ауқатын жақсартуға;
  • Ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіпті дамытуға;

 

  • Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыру аясында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруға;
  • Ауылдың мәдени және рухани мұрасын насихаттауға

үлесімді қосамын.

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет