Бейсенбі, 22 Ақпан 2024 15:20

Отбасы – тәрбие бастауы

Жақында  Азат орталау мектебінде Рахат округінің аналар кеңесінің төрайымы Райхан Жанбосынованың ұйымдастыруымен «Еліне азамат тәрбиелеген жанұя» атты Отанына, жеріне еңбегі сіңген отбасылармен кездесу өтті. Кездесуге округ тұрғындары қатысты.

Жиынның шымылдығы Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен түрілді. Райхан Жанбосынова отбасындағы бала тәрбиесі жайында пікрін білдірді. 

– Дүние есігін ашқан әрбір сәби – ата-анасының қуанышы ғана емес, ол елінің ертеңгі ту ұстар азаматы. Бұл үшін ата-ана, мектеп, қоғам жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен мән беру қажет. Ендеше баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, азамат ету – бәрімізге ортақ парыз. «Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан шығады?» деген ұлы сөз бекер айтылмаған. Бала тәрбиесін ортақ қолға алып, болашақтарын ойлайық, – деді Райхан Жанбосынова.

Келесі кезекте еңбегі сіңген ардагер ұстаздар жайлы слайд көпшілік назарына ұсынылды. Оның ішінде Ибрагим Исмяков, Баян Иманкулова, Айтжан Аманкулов, Салиха Жарқынбекова, Тугулук Хасанов, Ақмарал Кайсенова, Салтанат Турганова сынды ұстаздардың еңбектерін айтып өтті.

Шара барысында отбасылық құндылықтар, жастар, қазіргі қоғам мәселелері және бала тәрбиесі жайлы әңгіме өрбіді. Қонақтар өздерінің ата-аналары жайлы және олардың қоғамның дамуына қосқан ерен еңбектері туралы әңгімеледі. 

Шара соңында облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева бүгінгі қоғамның кемшін тұстары жайлы сөз қоғап, бала тәрбиесіне баса мән беру керекетігін айтты.

– «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, әр бала ең алдымен өз отбасында одан кейін білім ордасында тәрбие алады. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби «Адамға бірінші тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»  деп айтқандай, біз бірінші кезекте балаға тәрбие беруіміз керек, сонда ғана Отанын сүйетін, еңбекқор ұрпақтар тарайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі балалар мектеп жасынан жаман әдеттерге әуестенуде. Мектеп қабырғасында оқитын кейбір жасөспірімдер электронды темекі пайдаланады. Бұл біріншіден, денсаулыққа, екіншіден, елімізге зиян. Бүгінгі таңда Қазақстан темекі тұтыну жағынан алдыңғы қатарда. Біз осымен күресуіміз керек, – деп, Гүлнар Сағатқызы жиынға белсене қатысып, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын жандарға алғыс айтты.

  Айерке МЕРЕКЕҚЫЗЫ.

Оқылды 1553 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет