Сенбі, 18 Маусым 2022 20:24

Сайланған әкімдерге сенім артылады

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Бидаев жаңа сайланған Қаракемер, Бәйдібек би, Жаңашар ауылдық округтерінің әкімдерін таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өткен жексенбіде Қаракемер, Бәйдібек би, Жаңашар ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті. Жергілікті тұрғындар саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде 86,7 пайыз дауыс жинаған Дархан Ахметов айқын басымдықпен жеңіске жетіп, қайтадан Қаракемер ауылдық округінің әкімі болды. Сондай-ақ, округ тұрғындарының 71,95 пайыз дауысын жинаған Еспол Рысбаев Бәйдібек би ауылдық округінің, ал 43,7 пайыз дауыс алған Бахытжан Чурмаков Жаңашар ауылдық округінің  әкімі қызметіне кірісті.

Елді мекендердің жұртшылығына сайлаудың қорытындысын жариялаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиев жаңа әкімдердің қызметтік куәліктерін табыстады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Бидаев еліміздің тарихи жаңғыру кезеңде өз міндетіне кіріскелі отырған округ әкімдерінің атқарар міндетінің жауаптылығын, олар қашанда жергілікті жұртшылықпен кеңесе отырып келелі іс атқару керектігін айтты. Ал ауыл ақсақалдары ақ бата беріп, жаңа сайланған елді мекен басшыларының жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде  жаңа сайланған округ әкімдері өздеріне үміт артқан тұрғындардың сенімінен шығатынын айтып, елді мекеннің өркендеуі жолында аянбай тер төгетіндерін жеткізді.

Ерзат  АСЫЛ.

Оқылды 3714 рет

Кескіндер галлереясы

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет