Бейсенбі, 10 Тамыз 2023 14:04

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округінің әкіміне кандидат Шакенов Қайрат Төленұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Шакенов Қайрат Төленұлы, 1980 жылы 4 наурызда Қаратұрық ауылында дүниеге келдім. Мамандығым – архитектор-құрылысшы. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2012 жылы Талғар қалалық әкімдігінде бас маман болып бастадым. 2013 жылы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратына жетекші маман болып ауыстым. 2018-2019 жылдары Қаракемердегі кәсіптік-техникалық колледже аға шебер, 2019-2020 жылдары «Жедел күзет» ЖШС-інде аға инспектор болып қызмет атқардым. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарамын.

 

Құрметті Ақши ауылдық округінің тұрғындары!

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұстанған қоғамдық татулықпен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт Тәуелсіз Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын. Менің сайлауалды бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

 

Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:

– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Ақши ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

 

– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне  маңызды мәселелерін  белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты  тарту;

 

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту  үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

 

– Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары қызметінің тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;

 

– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастардың жұмысқа қамтылуы мен орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;

 

– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.

 

– Ауылдық округтің санитарлық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың  ішкі автомобиль жолдарын уақтылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;

 

– Тұрғындардың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын  тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;

 

– қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.

 

 

 

Оқылды 465 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет