Бейсенбі, 10 Тамыз 2023 12:33

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылдық округі әкіміне үміткер Әжібек Еламан Сапарғалиұлының Сайлауалды бағдарламасы

Мен Әжібек Еламан Сапарғалиұлы, 1996 жылы 30 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2003 жылы Қаратұрық ауылындағы А.Саттаров атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа қабылданып, 2012 жылы 9 сыныпты бітіріп, Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебіне ауыстым. 2014 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы Алматы технологиялық университетіне «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түстім. 2018 жылы жоғарғы оқу орнын бітірдім. 2019 жылдың 11 ақпанында Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратына бас маман лауазымына қызметке орналасып, қазіргі аталған лауазымда қызмет атқарамын.

 

Ауыл – еліміздің жүрегі. Сондықтан ауыл тұрмысын жандандырып, тамырына қан жүгірту – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бұл мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Ауқымды жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Соларды ары қарай жүйелі жалғастырып, Қаракемер ауылдық округін дамыту – менің негізгі мақсатым.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне қатаң сәйкес келеді.

 

Құрметті Қаракемер ауылдық округінің тұрғындары!

 

Менің сайлауалды бағдарламам ауылдық округ тұрғындарын толғандыратын келесі мәселелерді жүзеге асыруды қамтиды:

– «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және олардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ экономикасының белсенді дамуына ықпал ету;

– Шаруа субъектілерінің өнімдерін шығару мен қайта өңдеуін арттыруға мүмкіндік беретін инвестициялық жобаларды іске асыру;

– Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көмек көрсету, халыққа қажетті қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерді қолдауды қамтамасыз ету;

– Жұмысқа орналасу деңгейін арттыруға ықпал ету, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа жіберу, жастардың бос уақытын ұйымдастыру және мүгедектер мен еңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау;

– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамытуға жағдай жасау, тұрғындардың әл-ауқаты арттыру мен олардың жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдайларды жасау;

– Көшелерді жарықтандыруды дамыту, кентішілік жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– Ауыл аумағын кешенді абаттандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

– Кәсіпкерлер мен шаруалардың мемлекеттен берілетін көмектерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

– Ауылды рұқсатсыз қоқыс тастайтын жерлерден санитарлық тазалау, тұрғын үйлердің айналасын абаттандыру.

Жергілікті биліктің негізгі басымдығы – адам, оның әл-ауқаты, өзін-өзі жүзеге асыруы, отбасы, денсаулығы, балалары, құқықтары мен бас бостандығының сақталуы болуы тиіс. Мен, Көктөбе ауылдық округінің  адал, мықты және перспективті болашағы үшін алдыма қойған мақсаттарды орындауда барлық күшім мен білімімді жұмсаймын. Мен тәуелсіз, мықты және көркейген Қазақстанды кемелдендіру бойынша барлығымыз үшін ортақ болып келетін іске өз үлесімді қосуға дайынмын.

 

Оқылды 428 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет