Сейсенбі, 31 Мамыр 2022 10:19

МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕРДІ БҮКІЛ ХАЛЫҚ БОЛЫП ҚАБЫЛДАУЫМЫЗ КЕРЕК

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындау үшін Президент өкімімен жұмыс тобы құрылып, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конситуциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 сәуірдегі сессиясы барысында Мемлекет басшысы Конституцияға өзгерістер жобасын бүкілхалықтық референдумға шығаруды ұсынғандығын жақсы білесіздер. Өйткені, мұндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс. Сондықтан 5 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Жалпы алғанда, түзетулер Конституция баптарының үштен бір бөлігін қамтиды. Жалпы алғанда 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр. Сол себепті, Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерді.

Осы тұрғыдан партия төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, «AMANAT» партиясы Конституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, алдағы референдумды өткізуді толық қолдайды және еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде ауданымызда да  «AMANAT» партиясының референдум өткізуді қолдауға бағытталған үгіт науқаны жалғасып жатыр.                

Дамудың жаңа кезеңінде, Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміз үшін осындай аса маңызды шешімдерді бүкіл халық болып қабылдауымыз мәні зор. Сондықтан да әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады деген сенмім мол.

               

Бекет Төлегенұлы АХМЕТОВ,

«AMANAT» партиясынан Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты, аудандық мәслихат хатшысы.

Оқылды 496 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет