Жұма, 19 Қаңтар 2024 12:23

Байлық пен болашақ – білімде

Жуырда ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров арнайы іссапармен ауданымызға ат ізін салды. Құрылыс саласындағы мәселелермен етене танысып, ұстаздармен, жастармен кездесті.

Есік қаласына кіре берістегі саяжайларда демографиялық өсімнің қарқынына байланысты мектеп жетіспеушілігі сан жылдар бойы өзекті мәселе болып келеді. Былтырғы жылы елдің қуанышына орай саяжайлардан 900 және 1475 орындық мектептер бой көтере бастады. Халық қалаулысы әуелі саяжайдағы 1475 орындық мектеп құрылысымен танысты. Жас ұрпақтың заман талабына сай, сапалы мектептерде білім алуы тиіс екенін тілге тиек еткен А.Назаров аталған құрылысқа оң бағасын берді.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты Есік қаласында былтыр қолданысқа берілген 1500 орындық №6 лицейдің де тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған білім ошағында А.Назаров:

– Мемлекетіміз білім саласы бойынша ауқымды істер атқарып келеді. Бұл әлбетте, күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе. Ұстаздардың да жалақысы соңғы 5 жылда айтарлықтай жақсарғанын білеміз. Білімді, мәдениетті, руханияты бай ұрпақ өсіру – бәріміздің бірігіп атқаратын үлкен парызымыз – дей келе, сол жолда аянбай қызмет ету қажеттігін айтып, мектеп ұжымы мен оқушыларға ақ тілегін білдірді.

Өмірін спортқа арнап, үлкен жетістіктерге жете білген халық қалаулысының іссапары аудан орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде жалғасты. Спорт кешенінде шахматтан облыстық жарыс өткізіліп жатты. А.Назаров спорт ғимаратының жұмыстарымен таныса келе, спортшылармен сұх-баттасып, сайыста сәттілік тіледі.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Абылай хан атындағы орта мектеп те А.Назаровтың назарынан тыс қалған жоқ. Айта кетелік былтыр басталған құрылыс жұмыстарында олқылықтар көп. Мердігер мекеме «Каз-ЕвроСтрой» нысанды қосалқы мердігерге берген. Бөлінген қаржының аздық ететінін желеу еткен қосалқы мердігер бүгінде демонтаж жұмыстарының 30 пайызын ғана атқарған. Білім ошағындағы жағдаймен өткен аптада Парламент мәжілісінің депутаты Максим Рожин де танысып кеткен болатын. Ардақ Назаров депутаттар тарапынан құрылыс пен мемлекеттік тендердегі мәселелер қайта қаралып, мердігерлерге қатысты заң талабы қатаң болатынын ескертті.

 

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 841 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет