Бейсенбі, 26 Мамыр 2022 17:20

АНТИКОР БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларды түсіндіру мақсатында Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет облыстық білім басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Мемлекетке қызмет ету – үлкен жауапкершілік. Сондықтан заңнамамен мемлекеттік қызметшілердің қызметі мен мәртебесі егжей-тегжейлі реттеліп, оларға қатысты көптеген тыйымдар мен шектеулер белгіленеді. Осындай шектеулердің бірі – кәсіпкерлік қызметке тыйым салу.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 154 бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға тыйым салынады.

Бірақ заңға немқұрайлылық таныту мектеп директорлары мен мекеме басшылары арасында жиі кездеседі. Ағымдағы жылдың 17 мамырындағы жағдай бойынша Алматы облысында 23 мектеп директоры мен 4 білім беру мекемесінің басшысы мемлекеттік қызмет туралы заңды бұзған.

Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті мекеме басшыларына және білім беру саласының қызметкерлеріне әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 154, 676, 677, 678, 680 және 681 баптарына сәйкес түсініктемелер берді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері талқыланды. Сондай-ақ білім беру ұйымдары деңгейіндегі сыбайлас жемқорлық мәселелері, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюдың жолдары мен әдістері қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және оған қарсы дүниетанымды қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары өмірдің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды барынша азайту жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады.

Алматы облысы бойынша ANTIKOR баспасөз қызметі.

Оқылды 4426 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет