Жұма, 20 Мамыр 2022 11:05

Күрделі мәселенің де күрмеуін шешуге болады

Аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев пен әкім орынбасары Бауыржан Бименов, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов пен бөлім басшылары бастаған топ ауылдық округтердегі тұрғындармен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігіне қастысты өзекті мәселелермен танысты. Ақши ауылдық округінен басталған жұмыс сапары одан әрі қарай Қырбалтабай ауылында  жалғасты.

Ақиш ауылындағы Бөлек батыр атындағы орта мектепте әкіммен кездескен жергілікті тұрғындар бірінші кезекте жайлымдық жер жетіспейтіндігін көлденең тартса, одан кейінгі кезекте ауыз су мен суармалы су, ауылдың ішкі жолдарын жасау мен көшелерді жарықтандыру және абаттандыру мәселелерін көтерді. Әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, олардың айтқан талап-тілектері бойынша Қуат Елеусізұлы бұл шаруалардың оң шешілуі үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Ақши тұрғындары жер мен ауыл шаруашылығына байланысты көкейдегі көп сауалды ортаға салды. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген түзетулер мен толықтырулар жайлы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов түсіндірді.

– Ауыл тұрғындарымен кездесудегі басты мақсат – мұндағы жұртышылықтың  жай-күйімен танысып, туындаған мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын табу. Сондықтан да тұрғындарды толғандырып жүрген проблемаларды шешуге және аяқсыз қалдырмауға тырысамыз, – деді аудан әкімі.

Келесі кезекте аудан басшысы Қырбалтабай ауылдық округіне ат басын тіреп, ондағы жұртшылықты толғандыратын мәселелерді талқыға салды. Жүздесуде ауыл ақсақалдары тарапынан жайылымдық жер, суармалы су, мәдениет үйін салу, қарасаусыз қалған әлеуметтік нысандарды игілікке жарату сынды тұщымды ойлар айтылды. Ал ауыл жұртшылығы интернет желісін жақсарту секілді өздерін толғандырған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Айталық, зейнеткер С.Атикеев Қырбалтабай ауылындағы ауыз су құбырларының салынғанына 70 жылға таяп қалғанын, барлық су құбырлары тозып кеткендіктен жаз мезгілінде ауыл тұрғындарына тіршілік нәрі жетіспейтінін жеткізді. Ал ардагер ұстаз Д.Абдыкалыков Екпінді ауылына жаңа мектеп салу қажеттігін айтты.

Бірқатар ауыл тұрғындары әлеуметтік және басқа да қажеттіліктер бойынша талап-тілектерін аудан әкімінің жеке қабылдауында айтып, тұщымды жауаптар алды. Аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесу соңында Қуат Сұлтанғазиев көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 4274 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет