Сәрсенбі, 02 Наурыз 2022 11:18

АМАНАТ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ШЫҢЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» (Аманат) партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, «Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылық білдіремін. Ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар» деп атап өтті.

Мемлекет басшысы партияның келешегі жөнінде айта келіп, оның бұған дейін атқарған жұмысын ұмытуға болмайтынына, өз ісіне берілген партия белсенділерінің қажырлы еңбегіне құрметпен қарау керек екеніне тоқталды. Партия жиынының күн тәртібінде аза маңызды мәселелер қаралып, жаңа мақсат-міндеттер айқындалды. Сонымен қатар саяси ұйымның атауын Аманат деп өзгерту ұсынылды.

Бұл жайлы «Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де  айрықша мәні бар киелі ұғым.  Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне, осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. «Аманат» ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған өсиеті деген ұғымды білдіреді. «Аманат» сөзінің мағынасы терең, халқымыздың тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Ол бабаларымыз өсиет еткен тәуелсіздіктің мәңгі арман-мұраты, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың, кең-байтақ Отанымыздың құндылығы ретінде сипатталады. Біз осы баға жетпес мұрамызды сақтап, нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің аға буын мен өскелең ұрпақ алдындағы қастерлі борышымыз. Сондықтан мен партиямызды ресми түрде Аманат деп атауды толық қолдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Расында да, «аманат» сөзінің астары тереңде жатыр. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келістірген халқымыз ежелден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын жеме», «ешкімнің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама» деп құйып отырған. Ар-ожданды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, имандылықты бойына сіңірген ізгілердің ізін жалғастыру үшін имандылықтан, баба тәлімінен үлгі алудың маңызы зор. Сол сияқты мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат – адамгершіліктің шыңы» деген екен. Бұл – адамдар арасындағы жағымды сипаттың бірі. Дәл осы қағидатты ұстанған партиямыздың мүшелері өзіне жүктелген  істі  «ардың ісі» деп сезініп, берілген «аманатқа қиянат жасамаса», әділдікті ұстаса, болашақтағы мақсат-міндеттерімізді сапалы орындап, жемқорлықтың жібі үзіліп, «қаңтар қасіретіндегідей» қарапайым халық зиянға ұшырамасы анық.

Сонымен бірге Президент көтерген Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жандандыру қажеттілігіде ең өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыру міндетін өздеріне алып,  олардың жұмыс қорытындысы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Бұл – аса маңызды міндет.

Осы тұста, ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліміздегі тыныштықты, жеріміздегі ырыс-құтты сақтайтын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең «Мәңгілік еліміздің» болашағына бағытталған ортақ ісімізде «аманатымызға» берік болу! «Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ.     

         Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты, мәслихат хатшысы

Оқылды 1388 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет