Дүйсенбі, 29 Қараша 2021 10:34

Тіл — әлем есігін ашатын кілт

Тіл — әлем есігін ашатын кілт Сурет интернеттен алынды

Ойымыз орамды,көкірек көзіміздің ашық болуын қаласақ, тіл мәселесін әлем деңгейінде қарастырғанымыз жөн болар. Дүниеде адамға ең қасиетті қатынас құралы – тіл. «Үш жұрттың тілін білген өзгеден үш есе биік тұрады»деген нақыл бекер айтылмаса керек.

Адамзат қоғамы неғұрлым дамыған сайын сананың өзге-руі жаңаны қабылдап, ескіден арылуы – уақыт талабы. Сондықтан көп тіл білген сайын қарым-қатынас ортаң кеңейе түседі. Ең бастысы, жаңа тіл жаңа адамдармен танысуға жол ашады. Осы психологияны, әсіресе, мелекеттік тіл – қазақ тілін үйренуде ойға алар мәселе болғаны жөн.

Қазіргі заманда тіл білу өте маңызды. Өз көзқарасыңды білдіре отырып, басқа ұлт өкілдерімен сол тілде сөйлесіп, пікір алмаса аласың. Өзге  ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы туралы деректермен түпнұсқада таныса аласың.

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Президентіміз «Қазақ тілін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала бермек. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс. Бұл – отаншылдықтың басты белгісі десе болады» – деп атап көрсетті. Егеменді ел болып, еңсемізді тіктеген тұста мемлекеттік тілді өз биігіне қондыру да тіл мамандарына арналған үлкен міндет, жауапкершілік.

Сөз өнерінің сұлулығы – жан сұлулығы. Бұл жөнінде:

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады – деп  Асан Қайғы бабамыз сөз құдіретінің рухы, талғамы мен танымы, сөздің күш-қуаты мен ғибратының әсерін бағзы заман-дарда ұрпағына жеткізіп кеткен.Жаны сұлу адамдар асыл сөздің қасиетінен нәр алып сусындайды. Сөздің қасиеті тіл арқылы тебіренеді, тіл арқылы күңіренеді. Ендеше, тіл мәселесі – баршамыз үшін ойланып-толғанатын, жаны ашып жауапкершілікпен қарайтын жанды тақырып.

Тәуелсіздік алғалы сең қозғалып, мұз еріп, тіл мәселесіндегі талай шаруа қолға алынды. «Тілге құрмет – елге құрмет» қағидасы орнықты. Өз ана тілімізге деген сүйіспеншілік, құрмет артып, көзқарас өзгеріп, оң пікір қалыптасты. Осындай игі істердің жалғасы ретінде осы жылдың қыркүйек айында «Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы»  Еңбекшіқазақ аудандық филиалында «Қазақша сөйлейік» клубы ашылды. Оның құрамына Түрген ауылында орналасқан  АҚ «Алтын азық»  компаниясының 12 қызметкері алғашқылардың бірі болып тіркелді. Клубтың негізгі мақсатын жүзеге асыру аясында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары этнос өкілдеріне арналған «50 – 100 – 150 тамақтану орындарында, азық-түлік» тақырыптарында сөздігін ұсынып, жарыққа шығарды. Сөздіктің мақсаты – қазақ тілін  бірінші тіл ретінде оқыту, қазақ тілді ортаны нығайту. Аталған сөздікті меңгеру арқылы қазақ тілін оңай әрі тез үйренуге болады. Жалпы, клуб мүшесінің қызметіне кедергісіз, сөздікті қолдана отырып, күнделікті тұрмысқа қажетті сөздерді,сөз тіркестерін, сөйлемдерді аз уақыт аралығында жеңіл игеру мүмкіндігі жасалған. Қараша айынан бастап үш топтан құрылған 36 тіл үйренушіге арнайы сабақтар жүргізілуде.

Біз үшін Абай мұрасы – тіл игерудің ең құнды құралы. Сөздің қадірі туралы да ақын қазақ халқының санасына жеткізе айтты. Гете мен Крыловтың, Пушкин мен Лермонтовтың өлеңдеріне сөзбен  зерлі шапан жапты, халқын  сөз өнерімен жаңа ел, жаңа әлеммен таныстырды. Абайдың көңіл таразысының өлшемі санада саңылаудың болуын ғана емес, сөздің келісті, тілдің өрісті болуын да міндеттейді. Ұлы ақын айтқандай, жүрек кірсіз, тіл мінсіз болса, сөз атаулы көкірекке сәуле түсірмек.

 

Нұрсұлу РАХЫМБАЕВА,

«Алматы  облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының меңгерушісі.

Оқылды 951 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет